Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

«Математика оқулығы» жобасы

Өзектілігі. ҚР білім беру жүйесі қалыптасқан кезеңнен бастап күні бүгінге дейін математика оқулықтарының аса мол қоры жасақталды. Кеңестер Одағы кезінде 1917-1933 білім берудегі педагогикалық эксперименттер кезеңі болса, 1934-1989 жылдар аралығында орталықтанған басқару, жүйеленген тәртіп көмегімен әр шығарылған оқулық кем дегенде 5 жылдай қолданыста болып, білім беру үдерісі субъектілеріне белгілі бір дәрежеде тұрақтылықты қамтамасыз ете алды. 1990-жылдан бастап оқулықтардың бұрынғыдай бірыңғай жүйесін болдырмау туралы қабылданған шешімге байланысты оқулықтар көп нұсқада шығарыла бастады. Кеңес заманынан бүгінге дейінгі уақыт аралығын қарастырсақ, әр сыныптағы математикада шамамен 20 оқулық, 11 сынып үшін жуық есеппен 220 оқулық бар деп есептейміз. Әр оқулықтың дайындалу үдерісі көптеген ізденістер мен жаңалықтарға толы болады. Бір кітаптың мазмұны, материалды баяндауы жақсы болса, келесі кітапта есептері мен жаттығулары ұтымды құрастырылған болуы мүмкін. Математикамен шұғылданушы оқушыға, студентке, мұғалімге осы оқулықтардың бай қорымен таныса алуына толық мүмкіндік жасалуы қажет.

Мынадай жағдайды қарастыралық, мысалы мен ата-анамын. Балам 2-сыныпқа көшеді. Оқу жылы басында оқулық менің балама жетеді ме? Белгісіз. Алдын-ала сатып алайын десем, басылым түрлері мен авторлары әртүрлі бірнеше кітаптар бар. Қала бойынша оқулықтың кейбір түрлері жеткіліксіз болып, алыпсатарлардың қолдан көтерген бағаларымен сатып алуға да талай ата-аналар мәжбүр болды. Ең бастысы, оқу жылының басында оқулықтың жетіспеуіне байланысты туындаған мәселе оқушының пәнді игеруіне кері әсерін тигізеді. Жоба аясында барша оқулықтардың электрондық нұсқалары сайт арқылы немесе смарт құрылғыларға арналған *.apk қолданбалар арқылы барша халыққа қолжетімді болуы тиіс деп санаймыз. Осындай мүмкіндік ұйымдастырылса, оқулықтар баспадан шығып, нақты бағасымен халыққа таратылған уақытқа дейін электондық нұсқалар ата-анаға, оқушыға, тіпті, мұғалімге де пайдасын тигізеді.

Мектепке оқушылар салмағы ауыр сөмкелер тасып жүруге мәжбүр. Қазіргі технологияның қарыштап дамыған күнінде бұл мәселенің шешілетін орны бар. Оқушы оқулықты тек кітап күйінде емес, смарт құрылғысына да жүктеп алатын болса, оқулық мазмұны кеңірек таралып, пайдасы да молаяды.

Біз «бұрынғы оқулықтар жақсы еді, қазіргілер нашар» деген пікірлерді мұғалімдер, ата-аналар тарапынан көп естиміз. Бірақ, бұл пікірлер қаншалықты объективті? Ескі және жаңа оқулықтарды қолға қатар алып салыстыру мүмкіндігіміз бар ма?

Математикадан қандай да бір тақырып, айталық, процент туралы біздің аталарымыз қандай оқулықпен, әкелеріміз қандай оқулықпен, өзіміз қандай оқулықпен оқыдық. Балаларымыз қалай оқымақ? Қоғамымыз қазіргі формацияға жақындаған, жаппай сауаттылық ашылған кезеңнен бері 4 буын оқып, білім алды деп есептеуге болады. Осы буындар арасында жүйелі байланыстың болуы, олардың бірін-бірі түсінуі, мойындауы жан-жақты жүргізілуі қажет.

Аталған мәселелерді шешу мақсатында «Математика оқулығы» жобасын дайындауды қолға алдық. Нәтижесінде, әр сынып бойынша кирилл қарпімен шыққан барша математика пәні оқулықтары (шамамен 1940-2015 жылдар аралығы) жинақталып, цифрлік форматқа айналдырылады. Жұмыстың негізгі сұлбасын және алғашқы нәтижелерді мына сілтеме арқылы көруіңізге болады: http://zkoipk.kz/kz/math-textbook-project.html .

Мақсаты. Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру мектептерінде математика пәнінің оқытылуын жақсарту.

Міндеттері.

1) 1-11 сыныптар үшін математика пәнінен шығарылған барша  оқулықтар туралы ақпарат жинау.

2) 1-11 сыныптар үшін математика пәнінен шығарылған барша  оқулықтарды топтастыратындай «Математика оқулығы» атты кабинет жасақтау.

3) Әр сынып бойынша кирилл қарпімен шыққан барша математика пәні оқулықтарын (шамамен 1940-2015 жылдар аралығы) жинақтап, планшетті сканер көмегімен цифрлік форматқа айналдыру.

4) Жоба аясында алынған нәтижелерді интернет сайт бетіне орналастыру.

5) Жоба аясында алынған нәтижелерді «Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ басқармасына ұсыну арқылы, жобаның ауқымды дамуына қол жеткізу. Яғни, оқулықтардың шыққан жылдары – уақыт жағынан тереңдетіп, аймақ жағынан – таратылған мемлекеттері бойынша кеңейту мәселелерін қарастыру.

Жобаның мақсат-міндеттерін жазу барысында кездескен «барша» сөзін 1940-2015 жылдарға қатысты және ҚР аумағына байланысты деп санауларыңызды сұраймыз

Жұмыс тобы.

1) Сафуллин Елдос Набиоллаұлы. Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript +7 701 154 10 90

2) Жумагалиева Динара Шынболатовна.

3) Махметова Айша Сағынғалиевна.

4) Шагиров Самат Сағатқалиевич.  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript +7 775 300 62 57

5) Мусағалиев Батырғали Қалекешович.

6) Накишев Азирбай Нұрбаевич.

7) Дускалиев Нурбол Куандыкович.

8) Бадакова Индира Маратовна.

9) Дандибаев Әскербек Тұрланұлы

 

«Математика оқулығы» жобасына идеялық және техникалық жағынан ерекше қолдау көрсеткені үшін «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Набиоллаұлы Сафуллинге жұмыс тобы атынан алғысымызды білдіреміз!

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту