Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
18 Қазақ тілі пәні мұғалімдері
А.Т.Ә. Ауданы Мектебі Тілі
1 Бисенова Лаззат Бирлесовна Ақжайық Абай ат. мектеп-гимназия қазақша
2 Кажкенова Ботагоз Уразовна Ақжайық Алғабас ОЖББ қазақша
3 Амиргалиева Нурсулу Сабитовна Бөкей ордасы А.Құсайынов ат. ЖОББМБ қазақша
4 Нургалиева Фарида Бөкей ордасы Жәңгірхан ат.ЖОББМ қазақша
5 Ермекбаева Нургуль Амангелдиевна Бөрлі Ақсай қаласының №1ЖОББМБК қазақша
6 Сапиева Гүлсара Сәндібекқызы Бөрлі Пугачев ЖОББМБК қазақша
7 Кошпанова Айнур Сунгатовна Жаңақала Карманов ЖОББМ-Б қазақша
8 Камалова Балжан Нурымовна Жаңақала Пятимар ЖОББМ қазақша
9 Иркегулова Гулзада Гайнешовна Жәнібек Ұзынкөл ЖББОМ қазақша
10 Молдагалиева Жанар Сырлыбаевна Зеленов Озерный НМ қазақша
11 Уразова Турсынгул Сериковна Зеленов Достык ЖОББМ қазақша
12 Омарова Акмарал Нурлыбековна Казталов Мирон НЖББМ қазақша
13 Орынғалиев Үміткер Жұмакелдіұлы Казталов Әбіш ЖОББМ қазақша
14 Катжанова Гульбар Гусмановна Қаратөбе Соналы ЖОББМБ қазақша
15 Курмангазиева Жанар Габдолловна Сырым Сырым ЖОББМ қазақша
16 Измуханова Роза Кабдыкайевна Сырым Абай ЖОББМ қазақша
17 Шакирова Айымкөз Куатовна Тасқала Қ.Сәтбаев ЖОББМ қазақша
18 Бегалиева Сания Ахметкаримовна Теректі Ақсуат ЖОББМ қазақша
19 Баубекова Нуршат Кадирбековна Теректі Подстепный   ЖОББМ қазақша
20 Абуова Акжаркын Сагиндыковна Шыңғырлау Қуағаш НЖББМ қазақша
21 Басгулова Гульжанат Орыновна Шыңғырлау А.Тихоненко   ат.ЖОББМ қазақша
22 Жексенгалиева Жупар Утегалиевна Орал №42 "Ақ ниет" гимназиясы қазақша
23 Достангалиева Гульмира Адилгеревна Орал №47 ЖОББМ қазақша
24 Гумарова Дина Катесовна Орал №1 ЖОББМ қазақша
22 Сейтжанова Жанар Шериповна Орал №44 МГ қазақша
26 Хамбетова Акжаркын Қайыргалиевна Орал №30 ЖОББМ қазақша
 

Comments 

 
0 #29 Рысканым Бахтиярова 2017-05-11 09:43 Құрметті әріптестер! Баршаңыздың ыстық ықыластарыңызға үлкен рахмет!
18-топтың барлық тыңдаушыларын жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша сертификатталуғ а ұсынылғандарыңы збен құттықтаймын! Жарайсыздар!!! Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі жұмыстарыңызда шығармашылық табыс, нәтижелі жетістіктер тілеймін! Сіздерге сәттілік серік болсын!
Quote
 
 
0 #28 Гүлбар Ғұсманқызы 2017-05-10 18:19 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өттім. 2 жыл ғана тәжірибесі бар мен үшін бұл курстың қай-қай жағынан болса да берері мол болды. Ал бұл жолда тренер Рысханым Жолболсынқызыны ң еңбегі өлшеусіз, ұшан-теңіз болды. Ол кісінің талапшылдығы мен іскерлігі өз алдына, әр іске асқан ыждағаттылықпен қарап, адамдарды өзіне үйіре алатын қасиетін өзіме алуға тырыстым. Көкейдегі көп сауалдар өз жауабын тапты дей аламын. Өрлеуліктерге мың алғыс! Quote
 
 
+1 #27 Бисенова Ләззат 2017-05-10 14:02 Күннен-күнге қарыштап дамып жатқан жаһандану қоғамымыздың қай-қай саласына да жауапкершілік жүктейтіні даусыз. Білім беру саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастырылып жатқан курстар мұғалім жұмысына тың серпілістер әкелетінін осы орталықтағы жиырма күндік білім жетілдіру кезінде білдік. Сабақ мақсатынан бастап сабақтың аяғына шейінгі уақытты жоспарлай білуге тренеріміз Рысқаным Жолболсынқызы бағыт берді, үйрете білді. Заманауи әдіс- тәсілдерді пайдалану туралы кеңестерін берді. Рысқаным Жолболсынқызына мықты денсаулық пен толағай табыстар тілеймін. Quote
 
 
+1 #26 Уразова Турсынгул 2017-05-04 17:22 "Ұстаз болу-жүректің батырлығы"демекші, білім үдерісінен қалмай,жаңашылд ықтан қорықпай,заман ағымына ілесе білетін ұстаз ғана батыр ұстаз болмақ.Сол мақсатпен сəуір айында"Өрлеу" институтына бір айлық курска келген болатынбыз.Басында жанартылған оқу бағдарламасынан бейхабар мұғалімдерге өзінің білгенін үйрете білген білгір тренер Рысқаным Жолболсынқызына алғысымды білдіремін.Жанартылған оқу бағдарламасы жанашыл жас ұрпақты оқуда жалықтырмай,жаң а қырынан тұлға ретінде қалыптастыруға оң ықпалын тигізері хақ.Əріптестерге сəттілік тіледім! Quote
 
 
+2 #25 Баубекова Нұршат 2017-05-04 16:12 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4 апта бойы бар ынта-жігерімен білім берген Рысқаным Жолболсынқызы алғысым шексіз. Осы курс барысында жаңаша қысқа мерзімді жоспарды құруды, көптеген педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйрендім. Бірге оқыған әріптестеріме шығармашылық табыстар тілеймін. Quote
 
 
+2 #24 Жексенгалиева Жупар 2017-05-04 16:10 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылған төрт апталық курс басталғаннан жаңа ақпараттармен қаруландырып, әдістемелік қоржынымызға өте құнды әдістерді салып берді. Тренеріміз Рысқаным Жолболсынқызыны ң білімі мен біліктілігі, табандылығы мен қолдауының нәтижесінде тәжірибеге қажетті ақпараттар алдық.Білім берудегі соңғы жаңалықтар - біз үшін маңызды.Курс барысында алған білім -
оқытуды жаңаша ұйымдастырудың кілті.Жаңа әдістер мен саралау жұмыстарын жіктеп түсіндіре білген тренерімізге алғысымды білдіремін.
Quote
 
 
+2 #23 Нургалиева Фарида 2017-05-04 16:04 Мен жаңартылған білім мазмұны брйынша курстан өттім.Курс барысында көптеген әдіс-тәсілдерді меңгердім.Тренеріміз Рысханым Жолбосынқызы әр күні жаңа тәсілдерімен,өз індік біліктілігімен тәнті етті. Жаңартылған білім ағдарлама-болашаққа апарар жаңа жол екендігін ұғындым.Топтастарымның барлығы - татулығы мен адамдық қасиеттері жоғары жандар.Болашақта барлығыңызға да табысты еңбек тілеймін. Quote
 
 
+2 #22 Хамбетова А.К. 2017-05-04 16:02 10.04-05.05.2017ж. аралығында қаламыздағы "Өрлеу"педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алудамыз. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын таптық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасында ғы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Курстан үлкен әсер алдық."Өрлеу" біліктілікті арттыру институт ұжымына және біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Бақтиярова Рысқаным Жолболсынқызына айтар алғысымыз шексіз.«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізд і қайта түсінідіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді. Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті.Сіздерге толағай табыс,шығармашы лық өрлеу тілейміз Quote
 
 
+2 #21 Иркегулова Гүлзада 2017-05-04 15:54 Біз қазақ тілі мен әдебиеті пәнң бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы және оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер, критериалды бағалау және оны оқыту т.б жөнінде көп нәрсені үйрендік. Осындай игі істерді үйреніп, өз тәжірибемізде қолдануға өзінің жаңашылдығымен, еңбекқорлығымен білім беруде ықпалы зор болған тренеріміз Рысханым Жолболсынқызына айтар алғысымыз шексіз. Quote
 
 
+2 #20 Достангалиева Г.Ә. 2017-05-04 15:45 Жаңартылған білім мазмұны бойынша 10.04 -05.05 аралығында білімімізді жетілдірдік. Бірнеше жаңаша әдіс - тәсілдерді меңгердік. Тренеріміз Рысханым Жолболсынқызыны ң зор еңбегінің арқасында көздеген мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.Рысханым Жолболсынқызы мен институт ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
+2 #19 Басгулова Гульжанат 2017-05-04 15:36 Сәуір айының 10- нан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп жатырмыз. Бахтиярова Рысханым Жолболсыновнаны ң тобына түскеніме өте - өте қуаныштымын. Рысханым Жолболсыновнаны ң шебер тәсілі мен терең білімінің арқасында жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының жүйесін, мақсат-міндеттерін түсіндік. Сабақтарда белсенді әдіс - тәсілдерді, критериалды бағалау жолын қолдануды үйрендік. Рысханым Жолболсыновна мен бір - бірімізге бауыр басып кеткен әріптестеріме шығармашылық табыс, отбасы амандығын, емендей мықты денсаулық тілеймін! Quote
 
 
+2 #18 Кошпанова Айнур 2017-05-04 15:35 Жаңартылған білім мазмұны бойынша төрт жұма білімімізді жетілдірдік. Жаңаша әдіс - тәсілдермен методикалық қоржынымызды толықтырдық.Тренеріміз Рысханым Жолболсынқызыны ң еңбекқорлығының арқасында мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.Рысханым Жолболсынқызы мен институт ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
+1 #17 Кажкенова Ботагоз 2017-05-04 15:31 10-сәуір күнінен бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтіп жатырмыз. Бұл курста тренеріміз Бахтиярова Рысқаным Жолбосынқызының берген білімі арқылы өмірге деген көзқарасым өзгерді десем болады.
Жаңа білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған курс тақырыбы жағынан өзекті әрі тиімділігімен ұтымды болды.Сабақ мақсатының қойылуынан бастап, тапсырма бойынша бағалау критерийлерінің дұрыс қойылуы - сабақтың сәтті өтуінің бірден бір кепілі. Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен өз қоржынымызды толтырдық десем артық болмас.Жаңа әдіс - тәсілдермен таныстық. Тренеріміз Рысқаным Жолбосынқызына шығармашылық табыстар тілейміз.
Quote
 
 
0 #16 Жанар Курмангазиева 2017-05-04 15:19 КР орта билим беру мазмунын жанарту аясында "Казак тили"пани бойынша биликтилики арттыру курсында тренерим -Бахтиярова Рысханым Жолболсыновнага ризамын.Билимдилигимен, талапшылдыгымен ,мадениеттилиги мен биз ушин алтын уакытын болген улагатты устазга алгысымыз шексиз.Аман болыныз. Quote
 
 
0 #15 Камалова Балжан 2017-05-04 15:14 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Орал қаласында "Өрлеу" біліктілік арттыру институтында "Жаңартылған оқу бағдарламасы" бойынша дәріс алып жатырмыз. "Тиімді оқыту және оқу","Тілдік дағды түрлері"т.б тақырыпта тың ақпараттарды біздерге таратып, түсіндірер де тренеріміз Рысханым Жолболсынқызыны ң еңбегі ерекше дер едім. Курстан көп нәрсе үйрендік.Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағына жаңаша білім беруде әріптестеріме сәттілік пен шығармашылық шабыт тілеймін. Quote
 
 
+1 #14 Шакирова А.Қ. 2017-05-04 10:23 Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтіп жатқаныма өте қуаныштымын. Білім саласында болып жатқан оң өзгерістерді қолдаймыз және оны дұрыс жүзеге асыру біздің ұстаздық парызымыз. Тренеріміз Бахтиярова Рысқаным Жолболсынқызыны ң білімділігі мен еңбекқорлығының арқасында жаңартылған білім мазмұнының тереңіне бойлап, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгердім. Әріптестеріммен тәжірибе алмасу шеберлігімді шыңдай түсуіме септігін тигізді. Курстың біз үшін маңызы зор. Quote
 
 
+2 #13 Омарова Ақмарал 2017-05-04 00:26 Бұл курстың біз үшін маңызы зор болды.Тренеріміздің талапшылдығының арқасында біз жаңартылған білім берудің ерекшеліктерін толық меңгере алдық.Рысханым Жолболсынқызы өз ісінің кәсіби шебері ғана емес,мұғалім жанын түсіне білетін адамгершілігі мол адам.Курс барысында ол біздің білім алу жолындағы кедергі болған мәселелерімізді ң шешілуіне ықпал етті. Quote
 
 
+1 #12 Сейтжанова Жанар 2017-05-03 22:50 10.04-05.05.2017ж. аралығында қаламыздағы "Өрлеу"педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алудамын. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған, яғни "бір терінің пұшпағын илеген" әріптестерімізб ен курс мазмұнын меңгеру әрі қиын, әрі қызықты күндерге толы болды. Әрине, курс мазмұнын терең меңгеруімізге тренеріміз Бахтиярова Рысканым Жолболсновнаның еңбегі зор болды.Ол кісінің біліктілігінің, талапқойғыштығы ның арқасында педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді, ҚМЖ құруды үйрендік.Рысканым Жолболсыновнаға және осы бір ай ішінде етене жақын боп кеткен әріптестеріме алғысымды айта отырып, оқушыларыңызды оқу мақсатытарына жеткізуде, олардың бойында құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыруда қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
+1 #11 Амиргалиева Нурсулу 2017-05-03 14:46 Мен 10.04-05.05.2017 аралығында "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтында Рысханым Жолболсынқызыны ң тобында жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алдым. Рысханым Жолболсынқызы-білімді,білікті тренер. Жауапкершілігі өте жоғары.Рысханым Жолболсынқызынд ай білікті де білімді тренерден білім алғаныма қуаныштымын. Маған жаңартылған білім бағдарламасы өте жақсы ұнады.Жаңартылған білім бағдарламасын меңгеруде көптеген педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйрендім. Үйренген әдіс-тәсілдерімді ықшам сабағымды жоспарлағанда қолдандым.Алдағы уақытта да осы әдіс-тәсілдерімді қолдануды жалғастыра беремін.Бір айда бір үйдің баласындай болған,бір-біріне шынайы қолдау көрсете білген топтастарыма көп рахмет. Тренеріміз Рысханым Жолболсынқызына және топтастарыма шығармашылық табыс,дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Quote
 
 
+1 #10 Орынғалиев Үміткер 2017-05-03 14:21 Сәуір айынан бастап қазақ тілі пәні бойынша жаңа білім беру мазмұны бойынша білім алудамыз. Курс барысында жаңа әдіс - тәсілдерді меңгерудеміз.
Курстағы тренеріміз - Бахтиярова Рысханым Жолболсынқызы. Бізге түрлі әдіс - тәсілдерді үйретті.
Курстан алған білімімізді болашақта тәжірибемде қолданамын деп ойлаймын!
Тренеріміз Рысханым Жолболсынқызы және "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұжымына алғыс білдіре отырып, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!
Quote
 
 
+1 #9 Гумарова Дина 2017-05-03 14:04 Сәуір айының онынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп жатырмыз.Курста қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары, білім мазмұны, жаңа әдіс - тәсілдермен қоржынымыз толықты.Оқушыларымыздың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, алған білімдерін өмір бойы пайдалануға септігімізді тигіземіз деп ойлаймын.Бізге жаңартылған білім туралы курсты егжей-тегжейлі, жеріне жеткізіп түсіндірген трениріміз Рысханым Жолболсынқызына алғысымыз шексіз.Курстың біз үшін тиімділігі зор. Quote
 
 
+1 #8 Бегалиева С.А 2017-05-03 12:58 Сәуірдің 10-нан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтіп жатырмыз. Осы курста тренеріміз Бақтиярова Рысханым Жолболсынқызыны ң тобына түскеніме өте қуаныштымын.Курсқа келгенде қорқыныш сезімі болды.Басында қиындықтар да кездесті.Рысханым Жолболсынқызыны ң еңбекқорлығын, төзімділігін көре отырып,алдыма мақсат қойдым.Сол мақсатқа жеттім деп ойлаймын.Курс барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша көптеген ақпараттармен таныстым.Сабақ жоспарлауда жаңа әдіс-тәсілдерді SYOT талдау арқылы пайдаланып,қысқ а мерзімді жоспар құруды үйрендім.Ең бастысы, бұл бағдарламаның тиімділігі- оқу мақсаттарының нақты берілуі және спирольді әдіс бойынша күтілетін нәтижеге бағытталған жүйелі іс-әрекеттердің жоспарлануында екеніне көзім жетті.Бір ай ішінде бір үйдің отбасындай болып, бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсеткен группаластарыма рахмет айтамын.Әрбір дәрісін "қазақшаның қазақшасы"әдісі арқылы түсіндірген тренеріміз Рысханым Жолболсынқызына зор денсаулық, шығармашылық тадыс тілеймін.
«Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» деген Абай философиясын ұстанып,алдағы уақытта жаңа әдіс –тәсілдерді тәжірибемде қолданам деп ойлаймын.
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.