Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
62 Бастауыш сынып мұғалімдері
А.Т.Ә. Ауданы Мектебі Тілі
1 Есимова Роза Айбаровна Ақжайық А.Тайманов ат. НЖББМ қазақша
2 Сәлімгери Анжела Әділгерейқызы Ақжайық Есім БЖББМ қазақша
3 Кажгалиева Айымгул Кайырболатовна Бөкейордасы М.С.Бабажанов ат. ЖОББМ қазақша
4 Саматова Гульстан Жаксыбаевна Бөкейордасы Ш.Жексенбаев ат.ЖОББМ қазақша
5 Токжанова Айнур Бактыгалиевна Бөрлі Ақсай қаласының №7 ЖОББМ қазақша
6 Зотлеуова Алтын Закаровна Бөрлі Ақсай қ. №6 ЖОББМ қазақша
7 Умашева Жанар Булатовна Жәнібек Т.Жароков ат. ЖОББМ қазақша
8 Жолдасова Меруерт Сәбитқызы Жәнібек А.Оразбаева ат. НЖББМ қазақша
9 Байғарина  Гүлнәр Қонақбайқызы Зеленов Қ.Аманжолов ат. ЖОББМ қазақша
10 Баймұратова Қырмызы Жексенбайқызы Зеленов Егіндібұлақ ЖОББМ қазақша
11 Сейтмагамбетова Айзада Таскалиевна Казталов С.Есетов ат. ЖОББМ қазақша
12 Хамитова Айнур Мэлсовна Казталов Г.Бегалиев ат. ЖОББМ қазақша
13 Аманшина Гульбаршын Кенесовна Сырым А.Жұмағалиев ат.ОМ қазақша
14 Тасболат Бибігүл Закарияқызы Тасқала Семиглавый Мар ЖОББМ қазақша
15 Акимгалиева Жамила Жардемовна Теректі Госплемстанция ЖОББМ қазақша
16 Каиргалиева Нургул Социализмовна Шыңғырлау А.Тихоненко ат ОЖББМ қазақша
17 Жунусова Гулмаржан Темиржановна Орал №46 ЖОББМ қазақша
18 Бекжанова Арайлым Сегизбайовна Орал №19 ЖОББМ қазақша
19 Изтлеуова Гульнур Нуржановна Орал №47 ЖОББМ қазақша
20 Балагадинова Салтанат Бериковна Орал №21 ЖОББМ қазақша
21 Мусагалиева Венера Ермековна Орал №44 ЖОББМ қазақша
22 Кереева Шынар Мергенгалиевна Орал №45ЖОББМ қазақша
23 Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы Орал №46 ЖОББМ қазақша
24 Кукенова Венера Мақсотқызы Орал №44 МГ қазақша
25 Аяшева Айзада Туремуратовна Орал №42 Ақниет гимназиясы қазақша
26 Таскаирова Айнур Жаксыгалиевна Орал №1 ЖОББМ қазақша
 

Comments 

 
+1 #19 Г. Темиржановна 2017-07-03 12:36 Жаңа білім беру жүйесі қазіргі таңда заман талабы. Өйткені оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үрдісінде әдістерді белсенді оқу мен саралауға бағыттап қолдану сабаққа қойылған мақсаттың нәтижелі де шынайы орындалуына бірден бір себеп. Курсқа келіп, білімімді жетілдіру барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірнеше тиімді мәліметтерді жинақтап, ықшам сабақ көрсету арқылы кері байланыс жүргізу, блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды саралап қолдану, қысқа мерзімді жоспарды мақсатқа негіздеп құру, әр пәннің ерекшелігін ескеруді әріптестеріммен ой бөлісу және тренеріміздің қолдауымен үйрендім. Динара Шынболатқызына алғысымды білдіремін. Еңбегіңіздің шырынды жемісін көре беріңіз! Quote
 
 
0 #18 Венера Ермековна 2017-07-03 12:22 Заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу мен оқытудағы пәндердің мазмұнын, мақсат-міндеттерін және тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеру аясында курсқа келіп, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби қажеттілігімізд і жетілдірдік. «Білім алу-батырлық, толықтыру-даналық, ал шебер қолдана білу-өнер» дегендей, өз табыс қоржынымызды толықтыруда бірнеше жаңа әдістерді үйреніп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда ұзақ мерзімді оқу мақсатына негіздеп, қолжетімді де нақты мақсатты қою қажеттігін ескердік. Курстың мен үшін тиімді жақтары көп болды. Үйренген теориялық білімімді тәжірибелік дағды мен адамгершілік тұтастық негізінде жұмыс барысында қолданамын. Теренеріміз Динара Шынболатқызына алғысымды білдіремін. Әріптестерім мен Динара Шынболатқызына білімнің бетегелі белесінде жетістік баспалдағында сәттілік тілеймін! Quote
 
 
0 #17 Гүлбаршын Кенесовна 2017-07-03 12:07 Джордж Бернард Шоудың «Өзгеріс болмаса даму да болмайды, себебі өз көзқарасын өзгерте алмайтын адам еш нәрсені де өзгерте алмайды» деген пікірі мен үшін курсқа келген күннен-ақ өзімнің де өзгеруім қажет деген тұжырымға келуіме себеп болды. Себебі курс барысында көптеген жаңа нәрселерді үйреніп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша берілетін сабақтың оқушы мен мұғалім үшін тиімді болатынына көзім жетті. Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану, СМАРТ мақсатқа сай сабақ мақсатын жоспарлау, әдістерді саралау және белсенді оқу әдістерін тақырып мазмұнына сай анықтау, ҚМЖ құруды үйрендім. Теренеріміз Динара Шынболатқызы мен әріптестеріме алғысым шексіз. Әрқашан қанаттарыңыз талмай, еңбектеріңіз жана берсін! Quote
 
 
0 #16 Жамила Жардемовна 2017-07-03 11:51 Қазіргі таңда білім саласындағы оңды өзгерісітер оқушының жеке тұлға ретінде белсенді іс-әрекетін ескере отырып, саралап,кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүйелілікке бағытталған. Курс барысында тиімді әдістерді әрбір сабақ кезеңінде жеке тұлғаның ерекшеліктеріне қарай олардың бойында құндылықтарды дамыту, сыни ойлауға жетелеу және біліп, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау арқылы сабақ мақсатын шынайы қоя білуді үйрендім. Әріптестерімнің өз тәжірибесімен бөлісуі мен тренеріміз Динара Шынболатқызының қолдауының арқасында бірнеше әдістерді талдап, теориялық білімімізді толықтырдық. Динара Шынболатқызына алғысымды білдіремін. Биік белестерден көріне беріңіз! Quote
 
 
0 #15 Меруерт Сəбитқызы 2017-07-03 10:20 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыған 3 апталық курста сабақ барысында қолданылатын көп əдіс-тəсілдерді үйрендім. Тренерім Динара Шынболатқызына алғысымды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін!!!
С:Меруерт Сəбитқызы
Quote
 
 
0 #14 Роза Айбаровна 2017-07-02 23:44 Жаңартылған білім алу мақсатында 3 апталық курста жаңа əдіс тəсілдер үйрендім. Бағалаудың түрлерімен таныстым. Əріптестерімізд ің өткізген ықшам сабақтарынан өзіме көп тəжірибе жинадым. Үнемі сабақта қолданамын.
Есимова Роза
Quote
 
 
0 #13 Кажгалиева.А.К 2017-07-02 14:56 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ мақсатының SWART мақсатқа сай болуын жəне курс барысында көптеген əдіс-тəсілдерді қолдануды үйрендім. Динара Шынболатқызына алғыс білдіріп,шығарм ашылық табыстар тілеймін Quote
 
 
0 #12 Кажгалиева.А.К 2017-07-02 14:55 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ мақсатының SWART мақсатқа сай болуын жəне курс барысында көптеген əдіс-тəсілдерді қолдануды үйрендім. Динара Шынболатқызына алғыс білдіріп,шығарм ашылық табыстар тілеймін! Quote
 
 
0 #11 Жанар Булатовна 2017-07-02 12:47 Курстың жүргізілуі мен үшін тиімді болды. Себебі көкейдегі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалай? нені оқытамын? деген сұрақтарыма тренерім Динара Шынболатқызының көмегімен және әріптестердің ой бөлісуімен жауаптарын таптым деп айта аламын. Ең бастысы теориялық біліммен қатар тәжірибеде әдіс-тәсілдерді қолдануды, қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсаттарына сай нақты, қолжетімді, шындыққа негізделген, уақытты ескеріп, өлшеуге болатындай СМАРТ мақсат жүйесімен шиыршық қағидатына сай құрып үйрендім. Курстан алған тәжірибе қоржынымды сабақ үрдісінде қолданып, үнемі шығармашылықпен жұмыстанамын. Динара Шынболатқызына алғыс білдіріп, толағай табыстар тілеймін! Quote
 
 
0 #10 Хамитова Айнур 2017-06-30 21:20 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс барысында көптеген əдіс-тəсілдерді меңгердім.Алдағы уақытта өз тəжірибемде қолданамын. Quote
 
 
0 #9 Тасболат Бибігүл 2017-06-30 20:18 Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Аталған курс мен үшін өте тиімді болды. Сабақ беруді түрлі әдістермен қызықты етіп өткізу, берілген төрт дағдыны үнемі назарда ұстап отыру, білім саласындағы тың өзгерістерді танып-білу , өз біліміңді көтеру үнемі жаңалыққа ұмтылу қазіргі таңда аса маңызды. Осыған орай мұғалімдерді бағдарламаның барлық қыр-сырымен терең таныстырып, сапалы білім берген тренеріміз Динара Шынболатқызына алғыс айтқымыз келеді. Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбегіңіз жемісті болып, білімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіз демекпіз. Quote
 
 
0 #8 Балагадинова С.Б 2017-06-30 20:07 Жaңapтылған білім беру аясында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін аpттыру курсында тренеріміз Динара Шынболатқызы жаңа стaндартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сaуатты, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, сыни тұрғысынaн ойлай алатын 26 мұғалімді даярлап шықты. Куpс ұстaздарға жаңа леп, тың идеялaрды ұсынды. Курс барысында "Қазір заман талабы - "өміp бойы білім алу" қағидaсын ұстанып, сабaқты түрлі әдістермен қызықты етіп өткізу, берілген төрт дағдыны үнемі назаpда ұстап отыру, білім салaсындағы өзгерістерді тaнып-білу, өз білімімді көтеpу, үнемі жаңалыққа ұмтылу aса маңызды деген қоpытындыға келдім. Ұлы ағылшын ағapтушысы Уильям Уoрд "Жай мұғалім хабарлaйды, жaқсы мұғалім түcіндіреді, керемет мұғaлім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттaндыpады" демекші, жаңаша ойлaйтын шәкіpт тәрбиелеуде жаңaшылдықты білу үшін алғaн білімімді өз қызмeтімде қолдaнамын және өз шәкірттерімді шaбыттандыруғa асығудaмын.
Ұстaз еңбeгі өлшеуcіз, Динара Шынболатқызы, әрдaйым еңбегіңіз жемісті болып, білімді ұpпақ, сапалы мамaндаpды дaяpлай беpіңіз.
Quote
 
 
0 #7 Ақгүл Жәрдемқызы 2017-06-30 17:07 Не үшін білім беру мазмұнын жаңарту қажет? деген сауалдың шеңберімен жүргізілген 3 апталық курс барысында бағдарлама материалымен танысу, әріптестермен талқылау, тәжірибе жүзінде іске асыру, рефлексия оқудың моделі бойынша «Теңгерім шеңберіндегі» сауалдарыма нақты жауап алдым. Не білдім? Білімге бағытталған алты қадамды тізбектеп, дағдыларды дамыту үдерісін білдім. Не ұғындым? Яғни блум таксономиясының білу, тану баспалдағында топтық жұмысты ұйымдастыру, жүргізу ынтымақтастық пен бірлескен оқудың мәнін ашатынын ұғындым. Не түсіндім? Түсіну сатысында дағдыларды дамыту үдерісінде әлеуметтік өзара әрекеттестік, оны ұлғайту, топ құрудағы ерекшелікті ескеру қажеттігін түсіндім. Нені қолданамын? Жұмыс барысында тиімді әдіс-тәсілдерді, кері байланыс пен рефлексияны ұтымды пайдалану, ережені сақтап, СМАРТ мақсатқа жету, бірлесе жұмыстануда білімімді қолданамын. Нені талдаймын? Әрбір жұмыс барысында, соңында өз қоржынымызға жиыстырған қажеттілігімізд ің толыққандығын қадағалап, талдау және елегінен өткізу. Оқуға кедергі жасайтын әрекеттерді талдаймын. Нені жинақтаймын? Жайлы, оқуға қолайлы, өзара әрекеттестік, ұжымшылдық, өзін-өзі іске асыруға түрткі болған және оқушылардың белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастырып, дамытуды, оқыту әдістемесін, жоспар жасаудағы қадамдық алгоритмін, тиімді сабақты талдау мен қадағалауды жинақтадым. Нені бағалаймын? Оқу материалының маңызын анықтау, өзіндік пікір қосу, таңдау, білім игеруге бағытталған алты қадам бағаланғанда ғана алдыңғы бес қадам өзара сабақтасқанын бағалаймын. Өзім үшін қызықты да тиімді болғаны ҚМЖ құру. Себебі қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұйымдастыруда тренеріміздің ықпалы мол болды. Бір ғана сабақ үрдісінде бірнеше жұмыс түрін қолданудың ерекшелігін де ұғындым. Жалпы курстан алған әсерім мол. Себебі тренеріміз Динара Шынболатқызының көмегімен жаңартылғын білім мазмұны бойынша кәсіби түсінігіміз бен тәжірибелік дағдымыз сабақтасты. Quote
 
 
0 #6 Рахметова Ақгүл жәрд 2017-06-30 17:03 Не үшін білім беру мазмұнын жаңарту қажет? деген сауалдың шеңберімен жүргізілген 3 апталық курс барысында бағдарлама материалымен танысу, әріптестермен талқылау, тәжірибе жүзінде іске асыру, рефлексия оқудың моделі бойынша «Теңгерім шеңберіндегі» сауалдарыма нақты жауап алдым.
Не білдім? Білімге бағытталған алты қадамды тізбектеп, дағдыларды дамыту үдерісін білдім. Не ұғындым? Яғни блум таксономиясының білу, тану баспалдағында топтық жұмысты ұйымдастыру, жүргізу ынтымақтастық пен бірлескен оқудың мәнін ашатынын ұғындым. Не түсіндім? Түсіну сатысында дағдыларды дамыту үдерісінде әлеуметтік өзара әрекеттестік, оны ұлғайту, топ құрудағы ерекшелікті ескеру қажеттігін түсіндім. Нені қолданамын? Жұмыс барысында тиімді әдіс-тәсілдерді, кері байланыс пен рефлексияны ұтымды пайдалану, ережені сақтап, СМАРТ мақсатқа жету, бірлесе жұмыстануда білімімді қолданамын. Нені талдаймын? Әрбір жұмыс барысында, соңында өз қоржынымызға жиыстырған қажеттілігімізд ің толыққандығын қадағалап, талдау және елегінен өткізу. Оқуға кедергі жасайтын әрекеттерді талдаймын. Нені жинақтаймын? Жайлы, оқуға қолайлы, өзара әрекеттестік, ұжымшылдық, өзін-өзі іске асыруға түрткі болған және оқушылардың белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастырып, дамытуды, оқыту әдістемесін, жоспар жасаудағы қадамдық алгоритмін, тиімді сабақты талдау мен қадағалауды жинақтадым. Нені бағалаймын? Оқу материалының маңызын анықтау, өзіндік пікір қосу, таңдау, білім игеруге бағытталған алты қадам бағаланғанда ғана алдыңғы бес қадам өзара сабақтасқанын бағалаймын.
Өзім үшін қызықты да тиімді болғаны ҚМЖ құру. Себебі қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұйымдастыруда тренеріміздің ықпалы мол болды. Бір ғана сабақ үрдісінде бірнеше жұмыс түрін қолданудың ерекшелігін де ұғындым.
Жалпы курстан алған әсерім мол. Себебі тренеріміз Динара Шынболатқызының көмегімен жаңартылғын білім мазмұны бойынша кәсіби түсінігіміз бен тәжірибелік дағдымыз сабақтасты.
Quote
 
 
0 #5 Шынар 2017-06-30 14:52 Quoting Шынар:
Болашакта оқушыларды жан жақты дамыту ұшін,оқыту үдерісінде оқушының өз бетімен білімді меңгеруіне ықпал ететін, "Мәңгілік ел" ұлттық идеясының құндылықтарын оқушы бойына дарытудың әдіс тәсілдерді тиімді пайдалану теориялық білімді курс барысында ала алдым.

Кереева Шынар Мергенгалиевна
Quote
 
 
0 #4 Шынар 2017-06-30 14:50 Болашакта оқушыларды жан жақты дамыту ұшін,оқыту үдерісінде оқушының өз бетімен білімді меңгеруіне ықпал ететін, "Мәңгілік ел" ұлттық идеясының құндылықтарын оқушы бойына дарытудың әдіс тәсілдерді тиімді пайдалану теориялық білімді курс барысында ала алдым. Quote
 
 
0 #3 Аяшева Айзада Турему 2017-06-30 14:41 ҚР Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пəндері бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына келіп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша белсенді оқыту əдістері мен саралап оқыту əдістерімен қоса критериалды бағалаудың маңыздылығын ұғынып, өз іс-тəжірибеме нәтиже беретіндей болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал ететіндей мол мағлұмат алдым деп ойлаймын. Джером Брунердің "Білім беру үдеріс" атты еңбегінде атап көрсеткендей ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып,дұ рыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады деген болатын. Осы пікірді негізге ала отырып, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жұмыстанатын болсақ,көздеген нәтижеге кол жеткізетініміз анық.
Осындай курста білімді де білгір, талапшыл тренеріміз Динара Шынболатқызына үлкен рахмет айтамын! Алар асулары мен жетер жетістіктері мол болсын! Еңбегіне шығармашылық жетістік тілеймін!
Quote
 
 
0 #2 Таскаирова А.Ж 2017-06-30 14:33 Жанартылган билим мазмуны курсы маган жанаша изденис,жанаша козкараста изденип,ел ертени келешек урпактын билим алудагы жетистикке жету жолында натижели енбек етуге жол корсетти.(казакша шрифт болмагандыктан орысша шрифтпен жжазганыма кеширим сураймын)Таскаи рва А.Ж Quote
 
 
0 #1 Венера 2017-06-30 14:06 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыған курс мен үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өзім алған теориялық білімім мен жинақтаған тәжірибемді алдағы оқу жылдарында ұштастырамын деп ойлаймын Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.