Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция
Wednesday, 12 September 2018 15:54

«STEM education – education of the future»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияны өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Іс-шара түрі: Интернет желісінде бейне арқылы қарым-қатынас түрінде өтетін білім берудегі  кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторант, аспиранттар, ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері, басшылар, техникалық-кәсіби білім беру оқытушылары, мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру  ұйымдары басшылары, мұғалімдер, әдіскерлер үшін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді.

1.2. Өткізу мерзімі – 19 қазан 2018 жыл, өткізу уақыты: 11.00-13.00

1.3. Ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»

 

 

2. Онлайн-конференцияның өзектілігі

21 ғасыр ғылыми-технологиялық прогресс уақыт аймағындағы технологиялық революция ғасыры болып табылады: күнделікті жаңашылдықтардың ашылуымен ерекшеленеді. Жоғары технологиялық өнімдер және  инновациялық технологиялар заманауи қоғамның бөлінбейтін құрамы болады. Білім берудің аталған жағдайдағы мақсаты: ғылым мен техниканың дамуына белсенді қатысу үшін  оқушылардың фунционалдық-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Аталған мақсат жобалық оқытудың барлық деңгейлерін білім беру үдерісіне енгізудің құралы болып,  көп жағдайда STEM оқыту өмірге қабілеттілік пен кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

STEM — бірнеше пәндерді біріктіретін, білім берудің жаңа саласы,  (ғылым, технология, инженерия, математика). Ол ұжымдық жұмыс дағдылары және зерттеу құзыреттіліктерінің ойлау құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі білім, мектептер, колледж және жоғары оқу орындарында робот техникасы, құрылымдау, модельдеу және жобалау жетекші орындарды алады. Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына үлкен үлес қосатын жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

STEM басымдықтарына  серіктестікке марапаттау, ынталандырудың жоғары үлесі, оқушылар үшін қамту, шынайы қоршаған әлемді тығыз байланыстыру, ең бастысы – өмірде қолдануға болатын шығармашылық өнімнің тиімдісі мен қызықтылығында.

Өткізілетін онлайн-конференцияның өзектілігі STEM  аясында білім беру үдерісін жобалаудың инновациялық модельдерін дайындау қажеттілігімен белгіленеді.

 

3. Онлайн-конференцияның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: STEM - білім саласы бойынша дайындауда тәжірибешілердің, ғылыми зерттеулердің нәтижесі, технологиялар, тәсілдер, инновациялық идеяларды қолдану және талдау, ұсыну бойынша түрлі елдер мен аймақтардың тәжірибешілері мен ғалымдардың күштерін біріктіру.

Міндеттері:

¾    STEM-білім беруді қолдануда теориялық-әдісмтемелік аспектілерді талдау;

¾    STEM- білім беруді дамытудың келешегін анықтау;

¾    жоғары оқу орындары және колледж, мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде 3D жобалаудың мүмкіндіктерін анықтау;

¾    студенттер мен оқушылар, мұғалімдерді оқыту үдерісінде робот техникасын қолданудың тәжірибесін тарату;

¾    жоғары оқу орындарында инженер-техникалық бағытындағы оқыту үдерісіне STEM-технологияны енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасу жұмыстары;

¾    біліктілікті арттыру жүйесінде STEM-технологияны қолдану бойынша тиімді жұмыс тәжірибелерін тарату.

4. Онлайн-конференцияның жұмыс түрі және мазмұны

4.1. Онлайн-конференциясының мақсаты мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін келесі мәселелер қарастырылады:

  1. STEM-білім берудің теориялық-әдістемелік аспектілері.
  2. STEM-білім беруді дамытудың әлемдік тәжірибесі және келешегі.
  3. Жоғары оқу орындары және колледж, мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінде 3D-жобалауды қолдану.
  4. Студенттер мен оқушылар, мұғалімдерді оқыту үдерісінде робот техникасын қолдану тәжірибесі.
  5. Инженерлік-техникалық бағыт жоғары оқу орындарында STEM білім беруді дамытудың орнықтылығын құрайды.
  6. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі STEM-технология.

 

4.2. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

 

5. Онлайн-конференцияға қатысудың тәртібі

5.1.    Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысуға алыс-жақын шет ел мемлекеттерінің жоғары оқу орнының педагог мамандарын, білім берудегі  кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері, мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру  ұйымдары басшылары,  психологтар, әдікерлер және басқа қызығушылық танытқан әріптестерімізді шақырылады.

5.2. Онлайн-конференцияда талқыланатын сұрақтарды, қатысушылардың өтінімдерін, сөз сөйлеу тезистерін қосымшада берілген форма бойынша конференцияға қатысуға өтінім (1-қосымша). 2018 жылдың 5 қазанына дейін This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it электрондық жәшігіне жіберу қажет.

5.3.   Автордың баяндамасы Power Point презентациясымен сүйемелденуі қажет.

5.4.   Өтінім мен жұмысты жеке файлда әзірлеу керек.

5.5. Тезистерді құрастырғанда келесі бағалау критерийлерін ескеру қажет:

  • Жұмыстың өзектілігі
  • Конференция тақырыбының мазмұнына сәйкестігі
  • Жұмыстың ғылымилығы
  • Тақырыптың толықтай ашылуы
  • Жұмыстың практикалық маңыздылығы

5.6. Онлайн-конференцияның ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келіп түскен жұмыстарды, бағалау критерийлеріне сәйкес келмейтін материалдарды, яғни тезистерді алдын-ала іріктеу. Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды, тезистерге сын пікір берілмейді және қайтарылмайды.

5.7. Ұсынылған материалдардан электрондық оқулық пен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф «СҚО  бойынша ПҚ БАИ»  сайтына жарияланады.( http://www.ipksko.kz/index.php/kz/)5.6.

 

 

1 Қосымша

 

Өтінім формасы

Тегі, аты, әкесініңаты (толығымен)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі және атағы ___________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі _________________________________________________________

Байланыс  телефоны __________________________________________________________

Электрондық пошта E-mail _____________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы _________________________________________________________

 

 

2 Қосымша

 

 

Баяндама тезистерін рәсімдеуге қойылатын талаптар

  1. Тезистің көлемі 5 беттен аспауы қажет.
  2. Тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторында толтырылуы қажет.
  3. Бет параметрлері: жоғарғы  алаң – 2 см, төменгі алаң  – 2 см, сол жақ алаң – 3 см, оң жақ алаң – 2 см.
  4. Қаріп түрі: Times New Roman, 12 кегль
  5. Жоларалық интервал: бірлік интервал
  6. Азат жол: 1,25 см
  7. Баяндаманың тақырыбы бірінші жолда жазылуы қажет; қою қаріппен, ортасына қарай теңестіру. Екінші жолашық. Үшінші жолда автордың фамилиясы және есімі мен әкесінің атының алғашқы әріптері жазылады; қою курсивті қаріп, оң жақ шетіне теңестіру. Төртіншіжолда мекеменің толық атауы, қала, қою қаріпті курсивпен, оң жақ шетке теңестіру. Бесіншіжол ашық. Алтыншы жолдан бастап мақала мәтіні теріледі.

8.Кесте мен сурет тезистің жалпы көлеміне жеке обьект ретінде енеді.

9.Пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретіне сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің бетін көрсету қажет. Мысалы, [5, б.54-56] немесе [512б.]

10.Дәйексөз тырнақшаға алыналы, дәйексөзді мазмұндау тырнақшасыз жазылады. Ғаламтор-дереккөзінін алынған, дәйексөздер тым ұзақбаяндама мен жалпы түрде болмауы керек. Дәйексөз төрт сөйлемнен аспауы және әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісінде ғаламтор-дереккөзінен алынған ақпаратқа міндетті түрде сілтеме болуы қажет.

11.Әдебиеттер тізімі тезистердің жалпы көлеміне еніп, мақаланың соңында жазылып, әліппи бойынша нөмірленеді. «Әдебиеттер тізімі» сөзі қою қаріппен жазылады.

Әдебиеттер тізімінің алдында ашық жол қалдырылады.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі

1.         Безрукова В.С. Педагогика. Проектная педагогика. – Екатеринбург: деловая книга, 2009. – 230с.

 

Қосымша сұрақтар бойынша «Инновациялық технологиялар мен ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасына жолығуға болады: тел. 87152 50-07-23 (Сабиева Кульзипа Умбиталиевна), 87773264067 (Медведева Ольга Михайловна)

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2019

 


Смарт технологиялар мектеп тәжірибесіне жаңартылған білім мазмұнын енгізу құралы ретінде
20.06.19

 


Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы
2019

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2019

 


Жастар жылына арналған «Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» республикалық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция
1-31.03.19

 


Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы
2018

 


«Заманауи математика сабағы: жаңа ресурстар, мүмкіндіктер, әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы облыстық интернет-көрме
2018

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2018

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2018

 


Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар
15.05.18

 


Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламалары бойынша бастауыш сыныптарда оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1-31.03.18

 


«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының
5 жылдығына арналған «Педагогикалық ізденіс - кәсіби өсу кепілі» тақырыбындағы фестиваль

 


«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық байқауы

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2017

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2017

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе
15.05.17

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.17

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2016

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2016

 


Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика
16.05.16

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.16

 


«Сабақтың үздік контенті» орта мектептің пән мұғалімдерінің облыстық байқауы
2015

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» облыстық байқау
2015

 


«Панорамалық сабақтар» облыстық байқау (сырттай)
2015

 


Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары
15.06.15

 


Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері
29.04.15

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы
1-31.03.15

 


PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 


SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері
27.02.14

 


Сабақтың үздік контенті
2014

 


Үздік ауылдық мектеп
2014

 


Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық

 


Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сферасын дамыту

 


Инклюзивті білім беру жағдайында дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

 


Өзгеріс. Тәжірибе. Ой толғау

 


«Е-контент» байқауы
2013

 


Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
24.04.13