Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинар
Wednesday, 13 February 2019 16:19

«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинарды өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

1.1. «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбындағы Республикалық on-linе семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырады.

1.2. Өткізу мерзімі: 2019 жылдың 28 наурызы, басталуы сағат 10:00.

1.3. Өткізу форматы: on-linе режимінде http://online.ripkso.kz/vko платформасы

1.4. Білім беру мекемелерінің басшылары, әдіскерлері, мектептердің басшылары және педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері т.б.

2. Республикалық семинардың өзектілігі

Біліктілікті арттыру институты үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби дамуының мәселелерін шешуге бейім неғұрлым тиімді құрылым.

Мұғалімдерді кәсіби қолдаудың өзекті формасы - әдістемелік десант өткізу. Әдістемелік десант – бұл оқу процесінің тиімділігін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруды, оқушылармен тәрбие және оқу жұмыстарын жетілдіруді, курсаралық оқу және әдістемелік жұмыстардың барлық түрлерінің жетілуін қамтамасыз ететін кешенді шара. Әдістемелік десант өткізгенде жас мамандарды кәсіби қолдау көрсетуге баса назар аударылады, тәжірибелі тренерлер мен әдіскерлер оқытудағы, оқу материалдарын дайындау қиындықтарын анықтап, жүйелі және жекелей қолдау көрсетеді (ментор).

Әдістемелік десанттар аясында жекелей, топтық кеңестер беріледі, практикалық жаттығулар енгізілген оқу-әдістемелік шаралар, педагогтердің сараптамалық біліктеріне тапсырмалар, мақсаттар қою, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесін бағалау тапсырмалары ұсынылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды  «Жастар Жылы» деп жариялағанына орай жас педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру - білім берудегі түйінді міндеттердің бірі болып саналады.

3. Республикалық семинардың мақсаты

Мақсаты: жас педагогтерді кәсіби қолдау, педагогикалық  шеберлікті жетілдіру бойынша практикалық, әдістемелік қолдау көрсету.

Міндеттері:

- курсаралық кезеңде жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау;

- әдістемелік десант өткізудің ғылыми-практикалық тәжірибесін тарату, педагогтерге жұмыс орнында әдістемелік көмек көрсетуде туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру;

- жас педагогтерді педагогикалық әрекетке бейімдеудің шешімдерін әзірлеуге педагогикалық қауымдастықты және қоғамды тарту.

4. Республикалық on-linе семинар жұмысының мазмұны және формасы

4.1. Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

Семинардың негізгі бағыттары:

1. Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу негізінде оқу үдерісінде білім берудің жаңартылған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жас мұғалімге кешенді әдістемелік қолдау көрсету.

2. Инновациялық және АКТ негізінде жас мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бейімделуі мен олардың шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау.

3. Тренерлер оқыту семинарлары, тренингтер, коучингтер және менторингтер, шеберлік сыныптары арқылы оқытудағы құзырлылық, коммуникативті әрекеттерді жас мұғалімнің практикаға енгізуіне ықпал етуі.

4.2. Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.

5. Республикалық on-linе семинарға қатысу тәртібі:

5.1. Семинарға қатысу үшін білім беру  мекемелерінің басшылары және әдіскерлері, мектептердің басшылары, педагогтер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері және басқа да зерттелетін тақырыпқа қызығушылық білдірушілер шақырылады.

5.2. Ұсынылған бағыттарға сәйкес on-lin семинары жұмысына қатысуға өтініш және өткізілетін шара электронды поштаға жіберілуі тиіс (Қосымша 2) (5 минуттан артық емес) This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it 2019 ж. 28   ақпанға дейін .

5.3. Өтініш пен шараны жеке файлдарда, автордың аты-жөнін жіберу қажет: «семинар_аты-жөні», «өтініш_аты-жөні».

5.4. Республикалық on-linе семинарды ұйымдастырушылар өзектілігі, ғылымилығы және практикалық маңызы тақырыпқа сәйкес емес шараларды алдын ала іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Ұсынылған шараларға пікір берілмейді және кері қайтарылмайды.   .

5.5. Республикалық on-linе семинар материалдары, шараны ұйымдастыру  және өткізу бойынша электрондық сертификаттар және алғыс хаттар  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының (www.ipkvko.kz). сайтында жарияланады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне хабарласуларыңызға болады. Байланыс телефоны 8(7232)70-38-58; координаторлар - Егорина Лариса Викторовна, Нуркенова Сайран Ескендировна 8(7052213204).

Қосымша 2

«Әдістемелік десант- жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбындағы Республикалық on-linе семинарға қатысуға

Өтініш

 

1

Аты-жөні (жеке куәлігіне сәйкес толығымен)

 

2

Оқу дәрежесі, құрметті атағы, маманның сертификаты

 

3

Қызметі (толық, қысқартылмаған)

 

4

Жұмыс орны, қала, аудан (толық, қысқартылмаған)

 

5

Семинар бағыты

 

5

Өткізетін шараның тақырыбы, формасы

 

6

Байланыс телефоны

 

7

E-mail

 

 

 

Comments 

 
0 #4 Gulnaz 2019-06-20 13:53 SMART-технологияларды қолдану бойынша көптеген қажетті ақпарат алдым. Болашақта іс-тәжірибеде қоланамын. Әріптестерге шығармашылық табыс! Quote
 
 
0 #3 Gulnaz 2019-06-20 13:52 SMART-технологияларды қолдану бойынша көптеген қажетті ақпарат алдым. Болашақта іс-тәжірибеде қоланамын. Әріптестерге шығармашылық табыс! Quote
 
 
0 #2 Самат 2019-02-20 12:03 Quoting Мержан:
Саламатсызба өтетін орыны қаламыздағы (Орал) Өрлеуме. Колледж оқытушыларына қатысуға болама жұмыс өтілім 12 жыл.

Сәлеметсізбе. Өткізетін Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал. Басқа облыстардан да қатысуға болады. Жоғарыдағы келесі пунктті қараңыз:
5. Республикалық on-linе семинарға қатысу тәртібі:
Quote
 
 
0 #1 Мержан 2019-02-19 16:15 Саламатсызба өтетін орыны қаламыздағы (Орал) Өрлеуме. Колледж оқытушыларына қатысуға болама жұмыс өтілім 12 жыл. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.


Смарт технологиялар мектеп тәжірибесіне жаңартылған білім мазмұнын енгізу құралы ретінде
20.06.19

 


Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы
2019

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2019

 


Жастар жылына арналған «Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» республикалық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция
1-31.03.19

 


Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы
2018

 


«Заманауи математика сабағы: жаңа ресурстар, мүмкіндіктер, әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы облыстық интернет-көрме
2018

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2018

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2018

 


Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар
15.05.18

 


Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламалары бойынша бастауыш сыныптарда оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1-31.03.18

 


«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының
5 жылдығына арналған «Педагогикалық ізденіс - кәсіби өсу кепілі» тақырыбындағы фестиваль

 


«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық байқауы

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2017

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2017

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе
15.05.17

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.17

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауы
2016

 


«Сабақтың үздік контенті» байқауы
2016

 


Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика
16.05.16

 


Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
1-31.03.16

 


«Сабақтың үздік контенті» орта мектептің пән мұғалімдерінің облыстық байқауы
2015

 


«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» облыстық байқау
2015

 


«Панорамалық сабақтар» облыстық байқау (сырттай)
2015

 


Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары
15.06.15

 


Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері
29.04.15

 


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы
1-31.03.15

 


PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 


SMART-Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері
27.02.14

 


Сабақтың үздік контенті
2014

 


Үздік ауылдық мектеп
2014

 


Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық

 


Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сферасын дамыту

 


Инклюзивті білім беру жағдайында дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

 


Өзгеріс. Тәжірибе. Ой толғау

 


«Е-контент» байқауы
2013

 


Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
24.04.13