Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Құрметті әріптестер!!!
Friday, 26 December 2014 11:17

Келе жатқан Жаңа 2015 жыл құтты болсын.

Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!


Асыға күткен Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа заман, жаңа ойлар

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Жылқы жылы мен қой жылы да ауысып,

Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,

Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.


Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы

Ақындардың таусылмайтын жырысың.


Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Игі тілекпен: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ


 

Comments 

 
0 #6 Булбул Испанова 2015-01-06 20:44 Қымбатты Әріптестер!
Жаңа 2015 жыл құтты болсын! Қой жылы еліміз үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай жыл болсын. «Атам қазақ қой баққан, қоймен бірге ой баққан» дейді, кәсібімізді істей жүріп ойшыл болайық! «Қойдың сүті – қорғасын, қойды ұрған оңбасын» дейді, қорғасындай салмақты, мықты болайық, келе жатқан жылымызға өкпе артпайтындай думанды , көңілді өткізейік! «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дейді. Бұл жылымыз табысқа , молшылыққа толы болсын! «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегендей қойымыз да , өзіміз де егіздетіп көбейе берейік! «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» дейді, еліміз несібелі, ырысты болсын! Қой аузынан шөп алмайтын момындығымызды өткелі отырған жылқы жылының асаулығымен айырбастайық! «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» дейді, мүйізін кесіп тастаса, сыяды ғой, бұл жылда тату болайық! «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас» дейді, адам баласын алаламай, бәрін дос көрейік! «Семіздікті қой ғана көтереді» дейді, барға тасымай, жоққа жасымай жүрейік! «Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді» дейді, тексеруші келмес бұрын ісімізді бітіріп отырайық! «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деп кейін өкініп жүрмейік. «Қойшы көп болса, қой арам өледі» дейді, сыни тұрғыдан ойлана алатын шебер қойшы болайық! Себебі «Қой семізі - қойшыдан» дейді. «Қасқырдың ойлағаны – арамдық, қойдың ойлағаны - амандық» дейді, аман-сау болайық!
Достар, жаңа жылда тойған қозыдай тымпиып жүрейік!
Quote
 
 
+1 #5 Азамат 2015-01-06 11:05 Жаңа 2015 жыл құтты болсын!
Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.
Quote
 
 
0 #4 Шынар Габдрахманова 2015-01-06 10:14 Жаңа 2015 жылдың 365 күні денсаулық, 52 аптасы қуаныш пен бақыт, 12 айы берекеге толы болсын! Quote
 
 
0 #3 Махметова Айша 2014-12-31 11:51 Молшылықтың белгісіндей келіп жеткен жаңа қой жылы әр отбасына мол табыс, құт-береке, бақыт, жақсылық ала келсін! Quote
 
 
0 #2 Елдос Сафуллин 2014-12-29 09:34 Жаңа 2015-жыл құтты болсын! Quote
 
 
0 #1 Самат Шагиров 2014-12-26 17:20 Жаңа жылдарыңызбен! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.