Құрметті әріптестер! |
Monday, 12 January 2015 06:22 |
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ» сайтында «Сабақ жоспары» платформасы жасақталды. Сізге платформаға мектеп пәндері бойынша өзіңіздің сабақ жоспарларыңызды орналастыруыңызға және тәжірибеңізбен бөлісуіңізге мүмкіндік беріледі.
Платформа мұғалімнің сабаққа дайындалуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрастырылды. Мұғалімдердің көпшілігі сабақ жоспарын дайындау барысында уақыт тапшылығы мәселесіне кезігетіні белгілі. Сайтқа жұмысыңызды орналастыра отырып, Сіз:
- өзіңізге қажетті көптеген сабақ үлгілерін таба аласыз;
- платформадағы материалдарды өз жұмысыңызға пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз;
- біздің филиалдың тарапынан басылым жарияланғандығы туралы анықтама аласыз.
Назар аударыңыз! Автор материалды жіберген кезде жұмысты өзі орындағанына кепілдеме береді. Авторлық құқықты бұзушылық тіркелген жағдайда (яғни, өзге автордың жұмысын иемденсе немесе олардың нақты үзінділеріне сілтеме жасамаса) материалдар қарастырылуға жіберілмейді.
Ұсынылған жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:
1. Мәтін А4, Microsoft Word редакторында басылады, шрифті– Times New Roman; кегль – 14; жоларалығы – 1; азат жол шегі – 1; барлық жол жиегі - 3 см. 2. Беттің үстіңгі жағында жолдың ортасынан қалың бояулы шрифт және бас әріппен жазылған жұмыс атауы (автордың өз жұмысында пайдаланған технологиясын немесе әдісін көрсетуі тиіс). Бір аралықтан кейін - автор(-лар)дың аты-жөні, тегі, оның астынан - автор туралы ақпарат: ғылыми лауазымы, қызметі, жұмыс орны, азат жолдан қала/облыс/аудан атауы жазылады. Бір аралықтан кейін негізгі мәтін беріледі.
3. Материалдарды This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it мекен-жайына жіберу қажет. Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ», Евразия даңғылы 238, 208 кабинет, Жумагалиева Динара Шынболатовна, Махметова Айша Сагынгалиевна, Шагиров Самат Сагаткалиевич. 8 775 300 6257 |
Comments
Менің білгім келгені сабақ жоспарын қазіргі уақытта жіберсем болама,қабылдай сыздарма Quote
Саламатсыздар ма? Сіздер берген анықтаманы санат қорғау папкасына салуымызға бола ма? Рахмет Quote
Саламатсыз ба?! Міндетті түрде 10 сабақ жоспарын жіберу керек пе? Quote
Здравствуйте, я вам отправила 10 уроков. Будут ли мои уроки опубликованы на сайте? Quote
Былтыр 10 сабақ жіберіп, анықтама алдым, соған рахмет! Quote
Саламатсызба? Наурыз айында 10 сабақ жоспарын жібергенмін. Қортынды қашан анықталады екен? Quote
Cәлеметсіздерме 1 наурызда сабақ жоспарларын жіберіп едім, анықтама қашан беріледі екен. Quote
Здравствуйте. Недавно узнала о проекте "План урока". Еще одна возможность обобщить свой опыт. Спасибо вам за эту возможность. Сегодня выслала вам свои уроки.Как мне узнать:будут ли они размещены на сайте . Если да, как скоро можно получить справку? Quote
Добрый день! Количество разработок должно обязательно достигать 10? Quote
Сәлеметсиздер ме, сабақ жоспарлар жібердім, қарайсызба,анық тама қалай алсам болады? Quote
Саламатсыз ба, сайтқа 10 сабағымның жоспарлар топтамасын жібердім. Сайт бетіне жарияланатынына сенімдімін. Quote
Сәлеметсіздерме ! Көктемнің бірінші күнімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс тілеймін
Сәлеметсізбе.
Сабақ жоспарларын және сыныптан тыс шараларының жоспарларын жіберуіңізге болады. Quote