Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Педагогтің кәсіби өсуі
Sunday, 24 December 2017 18:45

Презентацияны онлайн қарау

Презентацияны жүктеу

 

1. Жұмыс және оны бағалау

2. Институт ұйымдастыратын байқаулар

3. Кері байланыс

1. Жұмыс және оны бағалау

Жұмыс сөзінің біздің қоғамымызда сан алуан мағынасы бар. Бір ғана педагогикалық қызметте оқу-әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысы, сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы, тексеру жұмысы, жоба жұмысы, зерттеу жұмысы, дипломдық жұмыс, кандидаттық жұмыс, магистрлік жұмыс, әдістемелік жұмыс, семинар жұмысы деген тіркестер кездеседі. Тізбектей берсек олар өте көп. Иә, «жұмыс» сөзі, ұғымы біздің кеңістігімізді толық бағындырып алғандай!!! Қандай болса да жұмыс болған соң оны орындаушы немесе сырт көздің оған беретін бағасы да болады. Баға әрдайым жұмыс сапасын жетілдіруге көмектеседі. Олай болса, мұғалім жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді? Басты критерий қандай? Мұғалім жұмысының басты көрсеткіші – білім сапасы. Ол бағалау жүйесімен дәл өлшенеді. «4» пен «5»-ке оқитын оқушыларының үлесі педагог қызмет еткен жылдарда оң өсім беретін болса, мұғалім жұмысының нәтижесі де оң болғаны. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы нысаналы индикаторлардың ең бастысын назарларыңызға ұсыналық:

4.2 Нысаналы индикатор

Индикатор

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың үлесі

(оқытудың сапасы)

%

ҚР БҒМ

Әкімшілік деректері

58

62

70

Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2016 жылы – 58,4%, 2017 жылы – 63%-ті құраған.

 

Түпкі мақсат, яғни оқыту сапасын 70 процентке жеткізу жолында қаншама жүйелі еңбек, көп күш керектігі баршамызға аян.

Білім беру және әдістемелік ұйымдардың жұмысын бағалау

Жоғарыда мұғалім жұмысын бағалаудың басты көрсеткіштері туралы сөз еттік. Енді сол мұғалімдердің жұмыстарын басқаратын, үйлестіретін, қадағалайтын, көмектесетін тұлғаларды қарастыралық. Олар мектептердегі әдістемелік бірлестік жетекшілері, директор және оның орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйелері қызметкерлері. Егер мектептегі оқушы сабақтан үздік нәтиже көрсетіп, түрлі білім сайыстарынан жүлделі орын алса, мектеп оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинаса, ол кімнің жұмысының нәтижесі? Көп жағдайда жаңағы саналған тұлғалар өз есептеріне қосып, өз жұмыстарының нәтижесі ретінде көрсетеді. Әрине біз мұны қате дей алмаймыз. Жетістік – ортақ жұмыстың жемісі. Дегенмен ол жетістікті мұғалім еншісіне көбірек бұрып, біздер өз жұмысымыздың басты өлшеуішіне назар аударғанымыз жөн.

Мұғалім жұмысын қадағалайтын, қолдайтын, басқаратын тұлғалар мен ұйымдардың жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді?

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы нысаналы индикаторлардың келесі бір түрін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

4.2 Нысаналы индикатор

Индикатор

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі

%

ҚР БҒМ

Әкімшілік деректері

49,8

52

54

БҚО бойынша бұл көрсеткіш 2016 жылы – 48,9%, 2017 жылы – 49,95%.

 

Олай болса, аталған сұраққа біздің жауабымыз: мұғалім жұмысын қадағалайтын, қолдайтын, басқаратын тұлғалар мен ұйымдардың жұмысының нәтижелілігі – олар қызмет атқарған жылдарда оларға қарасты педагогтердің санаттарының көтерілу санының өсуімен өлшенеді. Мұғалім санатының көтерілуі астарында қаншама еңбек, тер төгу жатқаны бәрімізге аян! Үнемі өз әрекетін жоспарлап, оқушыға білім мен тәрбие беріп, аяусыз тер төгетін ұстаздарымызды қашанда қоғамымыз қадірлейді. Себебі, олардың еңбектері абыройлы, қайырымды, игілікті жұмыс. Демек, әр педагог өзінің басты миссиясын түсініп, жұмысының басты өлшеуішін ұғынып еңбек етсе, оның жұмысының нәтижелі болатыны айқын.

2. Институт ұйымдастыратын байқаулар.

Біліктілікті арттыру институтында өткізілетін байқаулар педагогтің кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік, күшті серпін береді. Мысалы бізде өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы 5 жыл ішінде мектептегі барлық пәндер бойынша секциялар ашып, 633 облыс педагогін қамтып, 37 жеңімпаз бен 160 жүлдегерді дипломдармен, 436 қатысушыны куәліктермен марапаттады. Әдістемелік қызметте үздік педагогикалық тәжірибенің таратылуына ерекше мән беріледі. Тәжірибені кітапша түрінде баспа материалы өнімі тәрізді тарату – білім беру жүйесінде жақсы орныққан. Қазіргі уақытта контент баспадан шыққан мәтін түрінде ғана емес, аудио, видео нұсқаларда жасалады. Қазақстандық мұғалімдердің озық тәжірибелерін бейнесабақ түрінде таратудан төмендегідей оң өзгерістер күтеміз:

1) Бейнесабақ – қазіргі заман талабы болып табылатын қашықтан оқыту үшін аса қажет материал. Отандық өнімдердің әуесқой үлгілері байқау аясында жинақталып, болашақта кәсіби контент құрастыратын авторлар қалыптасады деп сенеміз.

2) Бейнесабақтар көмегімен оқыту тәжірибелерін ішінара енгізу арқылы, қазіргі балалардың интернетке, компьютерге, смартфондар мен планшеттерге деген жоғары қызығушылықтарын пайдалы арнаға бұру мәселесі шешілуі мүмкін.

3) Қазақ тіліне латын графикасын енгізу нәтижесінде тілімізде орфографиялық өзгерістер пайда болады. Орфографиялық өзгерістер орфоэпиямызға да әсер етіп, сөйлеу дағдыларымызда елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Бейнесабақта мұғалімнің сабақты түсіндіру барысындағы сөйлеу үлгісі жазбада сақталып, ақпаратты сақтаудың жаңа форматында болашақ ұрпаққа қашанда қолжетімді болады.

Бейнесабақта мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, 40 (бұрын 45 минут) минуттық сабақ мазмұнында мұғалімнің оқушыға беретін ең маңызды ақпараттары бейнесабақ көмегімен 10 минуттан аспайтын уақытқа жинақталады. Байқауға қатысу үшін дайындалған бейнесабақтар мынадай жағдайларда пайдалы бола алады:

1) Оқушы жаңа сабақ мазмұнымен алдын-ала танысып, сабаққа жоғары дайындықпен келеді.

2) Оқушы денсаулығына байланысты мектепке келе алмаған кезде сабақ мазмұнымен өз бетінше шұғылдануға мүмкіндік алады.

3) Ауа-райы қолайсыздықтарына (төтенше жағдайлар, жауын-шашын, аяз, боран) байланысты мектепте сабақ тоқтатылған кездерде оқушы оқу үдерісін өз бетімен жалғастыра алады.

4) Үлгерімі төмендеген оқушылар сабақты қабылдау қабілеті күшейген кезде өз беттерімен бұрынғы сабақтарды қайталап түсіне алады.

2013 жылы – 14, 2014 жылы – 29, 2015 жылы – 52, 2016 жылы – 382, 2017 жылы – 156 педагогтің, барлығы 633 ұстаздың 2000-ға жуық бейнесабағының сілтемелері zkoipk.kz сайтымызда орналасты. Осылайша жаңа форматта жұмыстанған педагогтер отандық бейнеөнімдер саны  мен сапасын арттыруға көмек беретін болса, оларға байқаудың дипломдары мен қатысушы куәліктері біліктілік санаттарын арттыруға негіз бола алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы 83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» құжатының «Аттестаттауды өткізу» 3-бөлімінің 20-3 пункті бойынша «...қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар мерзімінен бұрын жоғары санат алуға өтініш бере алады» - делінген. Бұрынғы жылдарда облыстық деңгейдегі байқау жетістіктері жоғары санат үшін ескерілмейтін болса, жаңа ережеде педагогтерге көп жеңілдік әкеліп, педагог мәртебесін арттыруға оң қадам жасалған.

Осылайша біздің институтымызда жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» байқауымыз облыс педагогтеріне біліктілік санаттарын арттыруға мүмкіндік береді, облысымыз үшін педагогтер құрамының сапалық көрсеткішін 2019 жылға дейін 54%-ке жеткізуге елеулі көмек болады.

«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» атты облыстық байқауымыз 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. 2014 жылы – 12, 2015 жылы – 31, 2016 жылы – 30, 2017 жылы – 25 мектеп, барлығы 98 мектеп байқауға қатысу нәтижесінде мектеп тарихының қызықты тұстары, жұмысының нәтижелері, жетістіктері, үздік тәжірибелері, цифрлық форматқа айналып, болашақ ұрпаққа пайдалы бейнеөнімдер жасалды. Барлық бейнеөнімдер youtube.com бейнехостингіне жүктеліп, сілтемелері институт сайтына орналасты. Байқау аясында әр қатысушы мектепте шығармашыл топ құрылып, фильм сценарийін жасап, барша қызықты фактілерді жинақтап 10 минуттық қызғылықты бейнеролик жасайды. Жасалған өнім сол ұжымға байқауға қатысу үшін ғана емес, өздеріне үнемі пайдаға асатындығымен құнды. Ол фильмді: 1) Мектебіне келген барша деңгейдегі қонақтарына көрсету арқылы, аз уақытта мол мағлұмат бере алады; 2) Мектеп оқушыларына көрсету арқылы, оқушыларға өз мектебі туралы терең де жан-жақты ақпарат ұсына алады; 3) Музейлеріне қоюларына болады, және жыл сайын табылған деректермен фильмдерін толықтырып, әрлеп отыруларына болады.

Байқауға қатысу үшін педагогтер облыс орталығына келу, орналасу тәрізді жол шығындары болмайды. Ең бастысы, байқау талабына сай роликтерін дайындап, контенттерін cloud-облако-бұлтқа жүктеп, сілтемелерін ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімге жолдаса болғаны. Байқауды тікелей облыстық кезеңде өткізу арқылы, аудандық, қалалық білім бөлімдері қызметкерлерінің жоспарлы істеріне килігуден сақтанамыз, оларды өз аймағында байқау өткізу машақатына мәжбүрлемейміз. Әйтпесе, көптеген республикалық байқаулардың мектеп, аудан, облыс, республикалық деңгейлерді қамтып және ережелерін шұғыл түрде жолдай салуынан көп жағдайда әріптестеріміз мезі болатыны да рас.

«БАҰО «Өрлеу» АҚ БҚО филиалы БАИ ұжымында дәстүрге айналған осындай байқаулар облысымыздың педагогтер ұжымын кәсіби өсуге, болашаққа пайдалы бейнеөнімдер жасауға жетелейді.

3. Кері байланыс

Жыл сайын жасақталатын байқаулардың интерактивті жинақтары байқаулар туралы мол мағлұмат береді, барша сынға түскен бейнероликтердің арасынан өзіне қызықтысын таңдап таныса алады. Мақаламызда жазылған ойларға QR кодты сканерлеу арқылы оқырманымыз қашан да пікірін жазып, ойын білдіре алады. «БАҰО «Өрлеу» АҚ бас офисінің даму стратегиясында көрсетілген транспаренттілік ұстанымы біз үшін қашан да басты бағдар. Байқауларымыз ғана емес, басқа да педагогті кәсіби өсуге жетелейтін жұмыстарымыз институт сайтына орналасып, ашық пікір алмасуға әрдайым ашық болады.

Пайдаланылған интернет сілтемелер:

1) https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ ministr_rk/obpazovanie/id-V1600013317/

2) zkoipk.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин

 

Comments 

 
0 #7 Акмаев Жалгасбек 2018-01-17 11:06 Елдос Набиоллаұлы баяндамасында білім берудің сапасы мен көрсеткіші бағалау арқылы анықталатынына тоқталып кеткен. Шынында да мұғалімнің оқушыға жеткізген білімі мен сапалы жұмысы бағалау арқылы көрінетіні сөзсіз. Бұл ретте оқушының бағалануы сияқты мұғалімнің де сапалы жұмыс көрсеткен жағдайда еңбегі бағаланып, марапатталып тұрғаны жөн. Құрметті Елдос Набиоллаұлы еңбегіңіз жемісті болып, сізге толағай табыстар алып келсін. Математика 7 топ тыңдаушылары. Quote
 
 
+1 #6 Елдос Сафуллин 2017-12-29 23:04 Quoting Гулдана:
Елдос Набиоллаұлы өз мақаласында:"Бейнесабақ – қазіргі заман талабы болып табылатын қашықтан оқыту үшін аса қажет материал. Отандық өнімдердің әуесқой үлгілері байқау аясында жинақталып, болашақта кәсіби контент құрастыратын авторлар қалыптасады" деп атап өтеді. Мен де жыл сайын институтымызда өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы оған қатысушы педагогтің кәсіби өсуіне сөзсіз ықпал етеді деген ойдамын.Өйткені байқауларға қатысушы пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктері жылдан жылға артып келе жатқанына куә болып, қуанып отырамыз.

Сəлеметсіз бе, Гүлдана! Рахмет. Біз байқаған өзгерістерді Сіздің де сезініп, ойымызды қуаттай түскеніңіз - бізге де тың серпіліс əкеледі
Quote
 
 
+1 #5 Гулдана 2017-12-28 11:44 Елдос Набиоллаұлы өз мақаласында:"Бейнесабақ – қазіргі заман талабы болып табылатын қашықтан оқыту үшін аса қажет материал. Отандық өнімдердің әуесқой үлгілері байқау аясында жинақталып, болашақта кәсіби контент құрастыратын авторлар қалыптасады" деп атап өтеді. Мен де жыл сайын институтымызда өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы оған қатысушы педагогтің кәсіби өсуіне сөзсіз ықпал етеді деген ойдамын.Өйткені байқауларға қатысушы пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктері жылдан жылға артып келе жатқанына куә болып, қуанып отырамыз. Quote
 
 
+1 #4 Елдос Сафуллин 2017-12-27 16:09 Рахмет, Рысханым Жолболсыновна! Рахмет, Күміс Ілиясовна!
Сіздердің мақаланы және 26 желтоқсан күні фестиваль қатысушыларына оқыған баяндамамды жоғары бағалалағандары ңызға қуаныштымын!
Quote
 
 
+1 #3 Кумыс Байкатова 2017-12-27 12:44 В статье очень подробно, с аналитическими выкладками и цифровыми данными, подведен итог огромной работы, проведенной Филиалом за этот год. Елдос Набиоллиевич не просто констатировал факты, а грамотно и доступно показал, с какой целью и для чего проводится тот или иной конкурс. Считаю, что с данной статьей должен ознакомиться каждый педагог, который работает в условиях обновления содержания образования. Quote
 
 
+1 #2 Бахтиярова Рысканым 2017-12-26 18:26 Елдос Набиоллаұлы баяндамасында біліктілікті арттырудағы институттың жоспарлы өткізетін байқаулары педагогтің кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік беретіндігін сараптай отырып көрсеткен. Бұл байқаулар педагог қызметкерлердің шығармашылық шыңдалуына, кәсіби жетілуіне, біліктілік санаттарының артуына негіз бола алатынын нормативтік құжаттарға сүйене отырып жеткізген. Quote
 
 
+1 #1 Елдос Сафуллин 2017-12-24 21:17 Облыстық байқауларымызды ұйымдастырудағы негізгі идеяларымыз туралы осы мақалада баяндауға тырыстық Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.