Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақтар өтті
Thursday, 01 February 2018 11:05

2018 жылдың 31 қаңтарында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласындағы  А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия  базасында «Жаңартылған білім – жаңашылдықты талап етеді» тақырыбында көшпелі тәжірибелі сабақтар өткізілді.

Курс тыңдаушылары аталмыш мектеп мүғалімі А.Ж.Рыскалиеваның «Reading for pleasure», А.М.Жиеналиеваның «Types of media» атты ашық сабақтарын, сонымен қатар Б.М Юсупова және А.Б.Макарова  «Merry English» атты сыныптан тыс шараларды тамашалады.

Көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында Н.Б.Нурманова «Авторлық жұмыстардың бағдарламасын құрастыру мазмұны»  тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Тыңдаушылар   көшпелі тәжірибелік сабақтарға  жоғары баға берді. Осындай мазмұнды жұмыс ұйымдастырғаны үшін мектеп-гимназиясы директоры Ж.К.Батыровқа, әдістемелік-оқу ісінің меңгерушісі А.М.Жунусоваға  ризашылығымызды білдіреміз. Мектеп ұжымына шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілейміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.