Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақ
Wednesday, 07 February 2018 17:46

2018 жылдың 7-8 ақпанында география пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  географияны оқыту нәтижелерін бағалаудың критериалды тәсілдері»  тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Орал қаласындағы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «География пәнің оқытудағы инновациялық тәсілдер», А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия  базасында «Жаратылыстану ғылымдарын оқып білу-дүниетанымды қалыптастырудың негізі» тақырыптарында өткізілді.

Тыңдаушылар оқу сапасын жақсартуда қалыптастырушы бағалаудың рөлі, критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі мен Блум таксономиясы бойынша оқушы жетістігін бағалау және сын тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жолдарын анықтау, география пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын сыни тұрғысынан ойлау арқылы дамыту бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, білімдерін шыңдады. Курс тыңдаушылары НЗМ мұғалімдері С.А.Амангалиева мен Н.Н.Молдағалиевтің «ТМД ұйымының құрылуы», №34мектеп-гимназиясы мүғалімдері Р.Е.Кенжегалиеваның «Әлеуметтік инфрақұрлым салалары», Д.Д.Даулеткерееваның «Табиғи аумақтық кешендердің түрлері» атты сабақтарына қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибедегі тиімді қолданысын көре алды, сонымен қатар тренинг, шеберлік сағаттар мен сыныптан тыс шараларға қатысты. Тыңдаушылар сабақтардан алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына  өздерінің алғыстарын білдірді.  Осындай мазмұнды жоғары деңгейде жұмыс ұйымдастырғаны үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Т.Нуркешовке, А.Тайманов атындағы №34мектеп-гимназиясы директоры Ж.К.Батыровқа институт атынан ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз. Мектеп ұжымына шығармашылық шабыт пен  толағай табыстар тілейміз.

 

Comments 

 
0 #8 Маутова Роза Теректі 2018-02-11 16:26 Өрлеу біліктілігін арттыру иститутының географияға арналған курсы аясында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «География пәнің оқытудағы инновациялық тәсілдер», А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия базасында «Жаратылыстану ғылымдарын оқып білу-дүниетанымды қалыптастырудың негізі» тақырыптарында семинар өткен болатын. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Өзімізге көп мəлімет алып тəжірибе алмасып қайттық. Осындай пайдасы мол курс ұйымдастырған "Өрлеу" біліктілігін арттыру институтына жəне кураторымыз Абишева Алина Муратовнаға алғыс айтамыз Quote
 
 
0 #7 Жумагазиева Рауза 2018-02-09 10:00 Назарбаев зияткерлик мектеби мен Асан Тайманов артындагы 34 мектеп-гимназиясынын
ужымдарына улкен рахмет
Quote
 
 
0 #6 Китанов Абзал 2018-02-09 09:29 ФМБ НЗМ 7 ақпан күні өткен сабақта мұғалім түрлі əдіс тəсілдерді қолданды. Сабақ мақсатына жетті. Мұғалімге шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #5 Айгерим Аршимова 2018-02-09 09:27 Назарбаев зияткерлік мектебі мен 34мектеп гимназияда өткен ашық сабақ пен семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған .Сабақтардың құрылымы жүйелі. Үйренгеніміз мол болды. Əріптестерімізг е сəттілік тілейміз бəрі тамаша Quote
 
 
0 #4 Калиев Тлеген Толег 2018-02-09 09:26 Кеше 34 мектеп-гимғазиясына бардым.Ашық сабаққа қатыстым.Өте сəтті өтті.Оқушылардың барлығы дерлік белсене қатысты.Сабақ мақсатына жетті.Тəрбиелік шараның да өткізілуі жақсы болды.Сəттілік еңбектеріңіз жана берсін Quote
 
 
0 #3 Жұлдыз Мухамбеталиев 2018-02-09 09:23 НИШ-та өткен семинардан жақсы әсер алдым.Мұгалімдерге шығармашылық табыс тілеймін Quote
 
 
0 #2 Алия 2018-02-09 09:21 34 мектеп гимназиясы ужымына алгыс айтамыз.Биз мектепке барганнан оте жаксы карсы алды.Мен озим 7 сыныптын ашык сабагына катыстым.Сабак оте керемет отти.Мектеп ужымына алдагы уакытта улкен шыгармашылык табыс тилеймин.Шакирттериниз сиздерди куанта берсин. Quote
 
 
0 #1 Идрисов Эдуард 2018-02-09 09:21 #34 мектеп-гимназиясының ұжымымына үлкен рахмет. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 

Add comment