Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында вальдорф педагогикасының компоненттерін қолдану
Monday, 05 February 2018 13:57

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылдың 5 ақпанында  «Музыка пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында вальдорф педагогикасының компоненттерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.  Семинарға 30 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты: музыка пәні  мұғалімдерінің музыка мен хор  сабақтарында орта  білім мазмұнын жаңарту шеңберінде   вальдорф педагогикасының әдіс-тәсілдерін  тиімді  пайдалану , іс-тәжірибесімен  таныстыру.

Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімдері: Ребенек Марина Николаевна «Музыка арқылы мәдениаралық өзара әрекеттесуді  дайындау» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Мартынова Марина Владимировна және Полищук Елена Вячеславовналар тыңдаушылармен шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинар соңында  мектеп оқушыларының «Тілдердің үйлесімділігі – дауыстардың үндестігі» атты қорытынды концертін тамашалады.

Өткізілген семинар жайлы өздерінің кері байланыстарында қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша музыка пәнінен вальдорф педагогикасының компоненттерінен әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері туралы мәселелерді талқылып, тәжірибе  алмасудың тиімді болғанын атап өтті.

 

Add comment