Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі семинар
Thursday, 08 February 2018 17:01

2018 жылдың 8 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Орал қаласындағы  М.Ықсанов атындағы №36 мектеп базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнына енудің әдістемелік-практикалық ерекшеліктері» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді.

Курс тыңдаушылары мұғалімдер Л.Н.Салимованың 5-сыныптағы «Жол белгілерін білеміз бе?» және С.М.Кадрешованың 7-сыныптағы «Тұрақтылықтың басты кепілі – татулық пен келісім» тақырыбындағы ашық сабақтарына қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибедегі тиімді қолданысын көре алды, сонымен қатар «Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі» тақырыбында тренингке қатысты. Тыңдаушылар сабақтардан алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына   алғыстарын білдірді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.