Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына тәжірибелік сабақтар өткізілді |
Tuesday, 25 September 2018 12:45 |
2018 жылдың 19.09 және 21.09 күндері БҚИТУ Әскери дайындық орталығы базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылармен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Бұл сабақтар барысында тыңдаушылар атыс, тактикалық дайындық, медициналық білім негіздері, азаматтық қорғаныс, әскери топография бөлімдерінің тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді. |