Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тірек мектептегі КТС
Monday, 01 October 2018 10:29

2018 жылдың 24-28 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған білім жетілдіру курсы өткізілді.

Қурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 25 педагогі қатысты.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 26 қыркүйек күні Орал қаласының № 42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған ашық сабақтарға курс тыңдаушылары белсене қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша мектеп үйлестіруші Н.Г.Габжалелова мектеп тынысымен таныстырды.  Сонымен қатар КТС бағдарламасына сай тыңдаушылар үш  ашық сабаққа қатысты.

А.Ж. Мұратова 2 «Д» сыныбында «17-18 сандарының құрамы» тақырыбында математика сабағын, К.З. Тагберлиева 3 «Г» сыныбында  «Жеміс бағында. Жүзім жегісі келген қасқыр» тақырыбында әдебиеттік оқу сабағын, А.С. Нұрсұлтанова  3 «З» сыныбында «Адамдар не үшін еңбек етеді?» тақырыбында дүниетану сабагын өткізді. Өткізген ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өтті. Курс тыңдаушылары керемет тәжірибелі мұғалімдердің сабағын көріп, көптеген тиімді тәсілдермен өз әдістемелік қорын молайтты, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтарды  ұйымдастырған мектеп директоры Е.Ж.Теміргалиевке және бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.