Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
Wednesday, 10 October 2018 09:16

2018 жылдың 1-12 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешілері мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепалды даярлық топтарының 20 педагогі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС мақсаты мен міндеттері:

  • Мектепалды даярлық топтары педагогтерінің инновациялық педагогикалық амалдарды қолдану жолдарын тәжірибеде көрсету;
  • Шеберлік сынып сабақтарына қатысу;
  • Мектепалды даярлық топтары педагогтерінің инновациялық педагогикалық амалдарды  қолдануы бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 9 қазан күні Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясында «Әліппемен» жұмыс жасау кезінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілге деген қызығушылығы мен құштарлығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектептің бірыңғай білім беру кеңістігін құру» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған оқу қызметіне, шеберлік сыныптарға және балалардың қойылымына курс тыңдаушылары белсене қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары А.С.Шаиева тыңдаушыларға «Гимназия тынысы» тақырыбында шолу жасады,   жоғары санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Ғ.Бекмашева команда жасақтау және сенімділікті арттыру мақсатында «Өрмекші торы», «Құбыр» тренингтерін өткізді. Сонымен бірге 0 «А» сыныбының мұғалімі Л.Г.Гайнединова және 0 «Г» сыныбының мұғалімі А.Т.Айткужина «О дыбысы және әрпі» тақырыбында оқу-іс әрекетін   өткізді.  «Әдістемелік шеберхана» бөлімінде  жоғары санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Ғ.Бекмашева «Ертегі жанрын ажыратуға, оқиғаны болжауға, рөлге бөліп орындауда тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйрету», екінші санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі Г.Қ.Мажитова «Баланың шығармашылық қабілеті мен тілін дамытуда құрастырғыш ойыншықтардың маңыздылығы» тақырыптарында шеберлік сыныптарын көрсетті, сонымен қатар мектепалды даярлық тобы мұғалімдері Ш.Е.Умирзакова, Ж.С.Кунашева, Ж.Н.Шаблиева «Қайырымды қоян» қойылымын ұйымдастырып, балалар сахналады.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 42 «Ақниет» гимназиясы директоры Е.Ж.Темірғалиевке және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Comments 

 
0 #14 Байзенова С.К 2018-10-10 22:49 Мектепалды даярлық тобына арналған семинардан өз қоржыныма алғаным және үйренгенім көп болды.Әсіресе ертегі жанырын ажыратуға,рөлге бөліп орындауға байланысты өткізілген шеберлік сыныбы өте сәтті шықты. Курс аясында бізге үлкен мүмкіндік жасап ,білімімізді жетілдіру мақсатында тәжірбие алмасуымызға септігін тигізген жетекшіміз Қ.Ш Шамуратоваға үлкен алғыс білдіремін! Әріптестеріме шығармашылық шабыт,білімді шәкірт,еңбек жолдарыңызға толағай табыстар тілеймін! Quote
 
 
0 #13 Измуханова Н К 2018-10-10 12:08 Оқу іс әрекеті жоғары деңгейде өтті. Quote
 
 
0 #12 Сейтмуханова А.Ж. 2018-10-10 12:06 Кеше курс бағдарламасына сай теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастыру мақсатында Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясына барған болатынбыз.КТС барысында "Әдістемелік шеберхана» бөлімінде жоғары санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Ғ.Бекмашевның «Ертегі жанрын ажыратуға, оқиғаны болжауға, рөлге бөліп орындауда тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйрету» тақырыбындағы баяндамасы жоғары деңгейде өтті,әсіресе пластмасса қасық, фераны пайдалана отырып ертегі мазмұнын түсіндіру жұмыстарын өз тәжірибеме колданатын боламын. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырған № 42 «Ақниет» гимназиясының ужымына алғысым шексіз. Quote
 
 
0 #11 Ажар 2018-10-10 12:05 Ертегі жанрын ажыратуға,оқиға ны болжауга рөлге бөліп орындауга тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйрету ұнады Quote
 
 
0 #10 Тажгалиева Н Е 2018-10-10 12:04 Оқу іс әрекеті өз мақсатына жетті Quote
 
 
0 #9 Утипова Дархан Алекс 2018-10-10 12:03 2028жылдың 9қазанында "Ақниет"гимназиясында өткен семинарға қатыстым, шаттық шеңбері, оқу іс әрекеттері ,ертегі сахналап т.б.жұмыстарын көрсетті. Тәрбиешілер алдарына қойған мақсаттарына жетті. Quote
 
 
0 #8 Насаналиева Нұрлы 2018-10-10 12:02 "АКНИЕТ"Мектеп алдыдаярлық тобына арналған семинардан жаксы əсер алдым.Сабак максатына жетті. Quote
 
 
0 #7 Алшекенова Г.М. 2018-10-10 12:01 Облыстық семинар жоғарғы деңгейде өтті. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #6 Жумалиева ОЕ 2018-10-10 12:01 Мен"Ақниет" гимназиясын мектепалды даярлық тобына арналған семинардан жақсы мәліметтер алдым. Осындай тəжірибе алмасулар жие болса екен деймін Quote
 
 
0 #5 Сатыбалдиева А 2018-10-10 12:00 Сабак максатына жетте Quote
 
 
0 #4 Кажтаева Улмекен 2018-10-10 11:59 " Ақниет"гимназиясы ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.Оқушыларыныз биіктен көріне берсін! Quote
 
 
0 #3 Нургул кенжебекова 2018-10-10 11:58 Курс кезиндеги акниет гимназиясында откизилген семинар озиме унады. Ариптестерге шыгармашылык табыс тилеймин. Quote
 
 
0 #2 Айнур 2018-10-10 11:58 Ақниет гимназиясында мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне ұйымдастырған семинарға қатыстық. Семинар жоғарғы деңгейде өтті. Тәрбиешілер өз шеберліктерімен бөлісіп,тәжіриб е алмастық. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #1 Айнур 2018-10-10 11:57 Ақниет гимназиясында мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне ұйымдастырған семинарға қатыстық. Семинар жоғарғы деңгейде өтті. Тәрбиешілер өз шеберліктерімен бөлісіп,тәжіриб е алмастық. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.