Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелі сабақтар
Tuesday, 05 March 2019 09:49

2019 жылдың 25 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 25 психологі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Ерекше білім беруді қажет (ЕББҚ) ететін балалардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсету;
  • ЕББҚ бар балаларға жеке амалдар қолданылған мамандардың шеберлік  сыныптарына қатысу;
  • Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 1 наурыз күні Орал қаласының № 45 «Нұрсәт» бөбекжайында «Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбында  өткізілген  көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жеке сабақтарға  курс тыңдаушылары қатысты. КТС бағдарламасы бойынша аталған бөбекжайдың директоры Ш.А.Сагынгалиева ұжымның инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша шолу жасап, педагог-психолог С.Д.Бахитова «Тимбилдинг» тренингін өткізді. Сонымен қатар педагог-дефектолог А.Р.Тайкешеваның  литотерапия бойынша «Сиқырлы түрлі-түсті Марблс тастары» тақырыбында шеберлік сыныбына, педагог-психолог С.Д.Бахитованың «Ғажайып түстер» ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне, педагог-логопед А.Ж.Жайлаубаева «Кішкентай көмекшілер» ата-аналарға тақырыптық ақыл-кеңесіне,  педагог-психолог Ұ.М.Гиззатова «Мөлдір тақтайшалармен бейнелеу терапиясы» тақырыбында шеберлік сыныбына,  және жоғары санатты әдіскер Н.А.Ешмуханбетованың «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» ағартушылық шараларына қатысып, ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін ұжымның әдістемелік және командалық жұмыстарымен танысты. Психолог, логопед, дефектолог кабинеттерінің әдістемелік-материалдық жабдықталуымен танысты.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 45 «Нұрсәт» бөбекжайы директоры Ш.А.Сағынғалиева мен ұжымға  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.