Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Инклюзия тақырыбы бойынша курс ұйымдастырылды
Friday, 19 April 2019 09:28

2019 жылдың 15-19 сəуір аралығында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған Шыңғырлау ауданында  жылжымалы ақылы біліктілікті арттыру курс өтті.

2019 жылдың 15-19 сəуір аралығында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған Шыңғырлау ауданында  жылжымалы ақылы біліктілікті арттыру курс өтті.

Курс аясында  "Білім беру процесін психологиялық- педагогикалық қолдау" кафедрасының аға оқытушы К.Шамуратова "Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру"; "Психо-физиологиялық саулығында бұзылыстары бар балалар: зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуында тежелуі бар, көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеуі мен тілінде бұзылыстары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, ерте жастағы аутизмі бар, гипербелсенді балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері"  тақырыптармен таныстырды. Тыңдаушылар Инклюзивті процесте жүзеге асыруда психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумды,  оқушылардың жеке білім беру маршрутын құрастыру мен мүгедек-балаларды үйден оқытуды ұйымдастыру жолын меңгерді. Сабақтарда ерекше оқытуды қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісіндегі отбасының рөлі, кәсіби бейімделуі мен кәсіби бағдарлануы жəне т.б. мəселелер талқыланды.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.