Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақтар ұйымдастырылды
Tuesday, 30 April 2019 12:38

2019 жылдың 26 сәуір күні Орал қалалық №40 «Болашақ» бөбекжай базасында өткен МдҰ әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсында  көшпелі іс-тәжірибе алмасу сабақтары ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында МдҰ әдіскерлері, тәрбиешілеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында Орал қалалық №40 «Болашақ» бала бақшасының педагогтері іс-тәжірибелері мен бөлісті.

Бөбекжай музыка жетекшілері С.К.Бактыгалиева, С.М.Шамгалиева, би жетекшісі Ш.А.Кажмукановалар «Сазды сәлемдеме» атты музыкалық концертімен семинар-практикумды ашты. «Балапан» ІІ –кіші топ тәрбиешілері Ж.С.Хамиева, М.Д.Жангалиева -«Аквариумдағы балықтар», «Алақай» ортаңғы тобы, тәрбиешілері  Б.С.Калманова, С.М.Абдолова -«Сюжетті-рөлдік ойындар әлемі» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

А.А.Габдулова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  «I know English very well» тақырыбындағы интеллектуалдық сайысын өткізді. Бөбекжай әдіскері С.Б. Сарсенбаева, бөбекжай тәрбиешісі  Ж.С.Бексариева «Әдіскер жұмыстарын жаңа форматта қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында коучинг ұйымдастырды.  Р.Н. Салихова педагог-психолог «Бірлігіміз жарасқан» атты тыңдаушылармен тренинг  өткізді. Б.С.Ибраемова бейнелеу пәнінің мұғалімі, А.Е.Жумалиева әдіскер-инноватор смарт технологияны қолдану арқылы «Құстар» тақырыбында дәстүрден тыс әдіспен сурет салғызды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу-жоспары негізінде  педагогтердің инновациялық технологияларды  қолдану тиімділігін арттыру, тәжірибие алмасу арқылы тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарын бағалау тұрғысында ұйымдастырылды.

 

Comments 

 
0 #13 Гулдари Утемисовна 2019-05-03 11:04 Бөбекжайда өткен МдҰ әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсында көшпелі іс-тәжірибе алмасу сабақтарына келен тыңдаушыларға арнап өткізілген семинар өте-өте жоғары деңгейде орындалды. Барлығыда маған қатты ұнады соның ішінде Ж.С.Бексариева «Әдіскер жұмыстарын жаңа форматта қалай ұйымдастыруға болады?» атты тақырыбында өткізген коучингін ерекше атап айтқым келеді. Quote
 
 
0 #12 Жангужиева Анара 2019-05-03 11:02 "Болашақ" бөбекжайының ұжымына үлкен алғыс! Алған әсеріміз өте керемет! Ұйымшыл, еңбекқор ұжым екендеріңіз бірден сезіліп тұр! Сіздерден көп тәжірибе алдық! Еңбектеріңізге табыс тьілеймін! Quote
 
 
0 #11 Куанышқалиева Света 2019-05-03 11:00 Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған үлгілік оқу жоспары негізінде педагогтардың жаңа технологияны қолдану тиімділігі , тәжірибе алмасу арқылы көптеген мәліметтер алдым Quote
 
 
0 #10 Асаубаева Зарует 2019-05-03 11:00 Алдағы уақытта сіздердің еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін, Quote
 
 
0 #9 Сафина Альфия 2019-05-03 10:59 хотелось бы отметить приятную и теплую атмосферу в дс Болашак, видна работа сплоченного и творческого коллектива Quote
 
 
0 #8 Гульжан 2019-05-03 10:59 «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылы қ-педагогикалық аспектілері» тақырыбында МдҰ әдіскерлері, тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында ұйымдастырылған семинары жоғары деңгейде өтті. Педагогтарға шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #7 Гульжан 2019-05-03 10:58 «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылы қ-педагогикалық аспектілері» тақырыбында МдҰ әдіскерлері, тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында ұйымдастырылған семинары жоғары деңгейде өтті. Педагогтарға шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #6 Нуртазина Орынганым 2019-05-03 10:58 Жаңа технологияларды кеңінен қолданып ,тәжірибе алмасу арқылы тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарын бағалау туралы көптеген қоржыныма ақпарттар алдым .Болашақ бөбекжайына шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #5 Нуртазина Орынганым 2019-05-03 10:57 Жаңа технологияларды кеңінен қолданып ,тәжірибе алмасу арқылы тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарын бағалау туралы көптеген қоржыныма ақпарттар алдым .Болашақ бөбекжайына шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #4 Шарипова Молдир 2019-05-03 10:57 №40"Болашақ"бөбекжайының семинары жоғары деңгейде өтті,креативтік технологияларын қолдану жұмыстарын көрдім,педагоги калық ұжымға шығармашылық табыс,бөбекжайы ңызда бала күлкісі бітпесін. Рахмет! Quote
 
 
0 #3 Кушалиева Бул-Бул 2019-05-03 10:56 Мне очень понравилось.Много интересного для себя увидела. Пополнила свой багаж знании. Педагоги это детского сада творческие и креативные. Желаю им творческого успеха! Quote
 
 
0 #2 Миннегулова Б. 2019-05-03 10:55 Сіздерге тек шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
+1 #1 Венера Булатовна 2019-05-03 10:49 Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу-жоспары негізінде педагогтердің инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру, тәжірибие алмасу арқылы тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарын бағалау туралы көптеген қоржыныма мәлімет алдым.Бөбекжай ұжымына алғысымды және шығармашылық табыстар тілеймін Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.