Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақтар ұйымдастырылды
Friday, 19 April 2019 17:45

2019 жылдың 19 сәуір күні Орал қалалық Оқушылар сарайы базасында өткен мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсында  көшпелі іс-тәжірибе алмасу сабақтары ұйымдастырылды.

«Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру педагогтері іс-тәжірибелері мен бөлісті.

Орал қалалық Оқушылар сарайының психологы Сариева Бану Жауынбаевна курс тыңдаушыларымен «Жапон әліппесі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының астро үлгілеу және ғарыш тану үйірмесінің педагогы Муканов Жумабек Нагимович курс тыңдаушыларына  орталықтың жұмысымен таныстырып, планитариум залында «Космостың ғажайып әлемі» фильмін көрсетті, обсерваторияға көтеріліп күн, планеталарды тамашалады.

ДБАМ С.Сейфуллин ат. №11 ОҚМИК Өнер мектебінің оқытушысы Жақыбалиев Серік Рақымұлы барша тыңдаушыларға дәстүрлі құйма құлақ әдісі арқылы домбыра үйіретуден шебер сыныбын көрсетті.

Бәйтерек ауданы балалар саз мектебінің  прима класының оқытушысы Кажигалиева Лаззат Майдановна әріптестеріне «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру» атты интерактивті тренингтер ұйымдастырды.

Қосымша білім беру педагогтерінің іс-тәжірибелері тереңдетілген интерактивті оқытудағы жаңа технологиялардың әр түрлі тәсілдерінде  және әр  форматта  көшпелі тәжірибелік сабақтар өткізілді.

 

Comments 

 
0 #1 Төлеу Айнара 2019-05-06 12:59 Психолог Сариева Бану Жауынбаевна өткізген "жапон"тренингі топ ішіндегі әріптестер арасында бір-біріне деген жылылық қарым-қатынасты ұялатты. Тренинг өте қызықты, тартымды өтілді. Болашақта оқушылар арасында да өткізуге болады екен. Семинардан көптеген әдіс-тәжірибелерді үйрендік! Жетекшілерге улкен рахмет! Еңбектеріне табыс тілеймін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.