Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ базасында курс ұйымдастырылды
Wednesday, 08 May 2019 06:42

2019 жылдың 15 сəуір мен 3 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО ПҚБАИ» «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған екі курсты Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің базасында ұйымдастырды.

Үш апта бойы сабақтарды тренинг және практикалық формада өткізуге мектеп базасында жоғары деңгейдегі оқу жағдайлар жасақталған: кең жарық аудиториялар, мультимедиа құралдар мен қолжетімді ресурстар.

Курс нәтижесінде:

-  мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасының мақсатын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнымен танысты;

-  бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді мен оқу материалдарын қолдана білді;

-  бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін меңгерді.

Курс тыңдаушылары мен тренерлері үзілістерде «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптық рекреацияда және мектептің жасыл ауласында демалып тынықты.

Сапалы курс өткізуге ықпал еткені үшін Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ директоры Алима Зулпухаровна Турегалиеваға және мектеп ұжымына институт әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

 

Comments 

 
0 #10 Динара Жумагалиева 2019-05-13 10:51 Самые наилучшие пожелания хочу выразить Алиме Зулпухаровне Турегалиевой - директору средней общеобразовател ьной школы №2 им. Ж.Молдагалиева и школьному коллективу за предоставленные условия для проведения курсов. Приветливый директор школы Алима Зулпухаровна каждый день встречала тренеров и слушателей курсов, чтобы лично удостовериться в обеспечении учебных условий. Ею была организована экскурсия по школе, где особое внимание уделено созданию тематической рекреации «Семь граней Великой степи». В течение трех недель со стороны школьного коллектива была оказана поддержка и забота о благополучном прибывании слушателей в стенах школы. Желаю школе успеха и процветания!!! Quote
 
 
0 #9 Айгалиева Зауреш 2019-05-08 21:43 2-мектеп ұжымына алғысымды айтамын. Үш апталық курс барысында қызметтеріне рахмет! Жақсы қарсы алды Quote
 
 
+1 #8 Муханалиева Баян 2019-05-08 16:46 Үш жұма бойы бізге курс ұйымдастырып жылы жүзбен қарсы алып,біздер үшін бар мүмкіндіктерді жасаған үшін Ж.Молдагалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры және ұжымына мың алғыс!! Quote
 
 
0 #7 Муханалиева Баян 2019-05-08 16:46 Үш жұма бойы бізге курс ұйымдастырып жылы жүзбен қарсы алып,біздер үшін бар мүмкіндіктерді жасаған үшін Ж.Молдагалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры және ұжымына мың алғыс!! Quote
 
 
0 #6 Исмурзина Айсулу 2019-05-08 16:32 мектеп ұжымына алғысымды білдіремін. Барлық мүмкіндіктерді жасады. Көп көп рахмет! Quote
 
 
0 #5 Ержанова Махаббат 2019-05-08 16:22 #2мектеп ұжымына алғысымды білдіремін, жақсы қарсы алды. Курс барысында барлық мүмкіндіктерді жасаған мектеп директорына алғыс айтамын Quote
 
 
0 #4 Жанна Токбаева 2019-05-08 16:21 3 апта курс аясы 2ЖОББМ өте жаксы өтті. Мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Quote
 
 
0 #3 Жұмағалиева Дамелі 2019-05-08 16:17 Ж.Молдағалиев атындағы 2 ЖОББ мектебінен курстан өткен болатынбыз,мект еп ұжымы жылы көзқараспен қарсы алды. Мектеп ұжымына үлкен алғыс білдіремін. Quote
 
 
0 #2 Жанна Алтаевна 2019-05-08 16:13 #2мектеп ұжымына алғысым шексіз Quote
 
 
+1 #1 УЛЖАН КАЙРЛИЕВА 2019-05-08 14:58 ЖБМ бойынша Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ базасында курстан өткен болатынмын. Жылы жүзбен қарсы алып, барлық мүмкіндіктерді туғызған мектеп ұжымына алғысым шексіз. Мектептің ұйымдастырушылы қ қабілеттері жоғары ұжымы қатты ұнады. Көп көп рақмет. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.