Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар ұйымдастырылды
Monday, 13 May 2019 12:23

Фотогалерея

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында 13.05.2019 ж. «Робот техникасы негіздері бойынша шығармашылық жобалар құрудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жалпы білім беретін мектептердің информатика, физика және математика пәні мұғалімдері үшін облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Филиалдың робот техника негіздері бойынша курс тренерлері А.Абдрахманова, А.Дандибаев, С.Шагиров жетекшілік етті.

Семинар мақсатына сәйкес робот техникасы көмегімен шығармашылық жобалар құру арқылы оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін талқыланып, педагогтердің өзара пікір алмасуына жағдай жасалды. Осы мақсатқа сәйкес семинарда Lego Mindstorms EV3 және Arduino құралдарында шығармашылық жобалардың маңызын сипаттау және ақылды технологияларды құруда робот техника құралдарының ерекшелігі туралы ақпараттармен бөлісу сияқты міндеттер қарастырылды.

Семинарға облысымыздағы әртүрлі білім беру ұйымдарынан информатика, физика және математика пәндерінің 31 мұғалімі қатысып Сертификаттар мен Қатысушы куәліктеріне ие болды.

 

Comments 

 
0 #2 Гулдана 2019-05-15 19:57 Қайырлы кеш. Семинар тақырыбы өзекті. Марс Мавлетұлының "РобоСпортқа ұлттық ойындарды енгізу" тақырыбындағы жобасы қызықты әрі жасөспірімдерді "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының құндылықтарына тәрбиелеуде маңызы ерекше деп ойлаймын.Семинарға қатысушыларды сертификат алуларымен құттықтаймыз. Ұйымдастырушыла рға табыстар тілеймін Quote
 
 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2019-05-15 08:27 Семинарда қазіргі білім беру саласындағы өзекті тақырыптардың бірі - оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін робот техникасының көмегімен шығармашылық жобалар құру жолдары қарастырылып, қатысушылардың өзара пікір алмасуына жақсы практикалық алаң болды. Тренерлерге шығармашылық табыс тілейміз! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.