Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы күнделігі 06-31 мамыр 2019 жыл
Tuesday, 28 May 2019 09:49

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» білім беру ұйымдары үшін ұйымдастырылған бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы туралы ұжымдық жалпы жиналыста хабарлады. Институт қызметкерлерінен шығармашылық топ жасақталып, медиажоспар құрылды.

Осы аралықта Облыстық білім басқармасы, қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарына ақпараттық хат дайындалды және жіберілді. Байқауға педагогтерді қатыстыру жөнінде білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беріліп, сөйлесулер жүргізілді.

Байқау шарттары туралы институт сайтында, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерде ақпараттар таратылды. Институт қызметкерлері бұл ақпаратпен әлеуметтік желідегі өз парақшаларында бөлісті. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы туралы облыстық қоғамдық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде, ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым «Жайық ұстазы» газетінде хабарландыру жарияланды.

Сонымен қатар байқау жөнінде «AQJAIYQ» телеарнасына жүгіртпе жолмен хабарландыру берілді. Ол «ТВ Маркет» жүгіртке жолымен 15-22 мамыр аралығында көрсетілді. Аталмыш байқауға арналып банер жасалды.

1 шілдеге дейін «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қатысуға өтінімдер қабылданады.

 

Comments 

 
+1 #1 You_are_mom_gay 2019-05-29 22:11 Why did you add a comment feature to any users?

it would be better to create an account system
all who have an account will be able to write rooms and so on
it was just a tip
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.