Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы оқыту семинары өтті
Saturday, 29 June 2019 13:06

2019 жылдың 29 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту. Семинардың өту формасы: фасилитациялық сессия. «Фасилитация» ағылшынан аударғанда – себепші болу, жеңілдету, көмектесу, деп аударылды. Фасилитация – басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі. Фасилитациялық сессия барысында «Әлемдік кафе» әдісі қолданылды. Семинарға 50 мұғалім қатысты.

Семинар барасында саралап оқытуды қолданудың өзіктілігі мен мүмкіндіктері қарастырылды; жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқу процесін ұйымдастыруда саралап оқытудың тиімді жолдары анықталды. Семинар қатысушылары саралаудың тапсырма, нәтиже, қарқын, диалог және қолдау көрсету, ресурстар, топтау және бағалау түрлері бойынша берілген материалдарды зерделеп, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес саралап оқытудың мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жоспарлауды, практикалық жұмыс барысында саралау тапсырмаларын моделдеп, сындарлы кері байланыс ұсынды. Семинар нәтижесінде қатысушылар сабақты жоспарлауда саралау əдістерінің тиімділігін анықтады, мысалдар келтіріп, меңгерген біліктіліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті.  Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Д.Ш.Жумагалиева, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

 

Comments 

 
0 #10 Беккожина Лунара 2019-07-01 20:40 "Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралудың оқу тиімділігі" тақырыбында семинар өте жоғарғы деңгейде өтті. Бұл семинардан қоржыныма көптеген әдіс-тәсілдерді алып барам. Quote
 
 
0 #9 Гулназ Касимова 2019-07-01 14:10 Саралау әдістері жайында көп нәрсе үйрендім. Алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын. Quote
 
 
0 #8 Абилкасова И.Е 2019-07-01 12:14 Семинарда саралау әдістерін практика түрінде жүзеге асырдық.Тиімді әдіс тәсіллерді меңгердік.Семинар жоғары денгейде отти деп ойлаймын.Өз ойымызбен бөлісіп,тәжіриб е алмасуға мүмкіндіктер болды. Quote
 
 
0 #7 Дуйсекова Нургул 2019-07-01 12:09 "Жанартылган оку багдарламасы аясында саралап окытудын тиімділiгi" такырыбында семинар оздырылган болатын. Семинардын оту формасы:фасилит ациялык сессия. Фасилитациялык - баска адамнын белсендiкатысуы мен бир адамнын немесе топтын иә-арекетин женилдету процеси семинарга катысушылар саралау тапсырмалар натиже, каркын, диалог жане колдау корсету, ресурстар, топтау жане багалау турлери бойынша берилген материалдарды зерделеп, окушылардын жеке ерекшеликтерине сайкес саралап окытудын мумкиндиктери жонинде ой болисти. Барлык катысушыларга сертификаттар табысталды. Динара Шынболаткызы мен Багдагул Беккаликызына рахмет айтамын. Шыгармашылык табыс пен амандык тилеймин. Quote
 
 
0 #6 Сисенгазиева М. Б 2019-07-01 12:08 Саралау тәсілдері мұғалім үшін таптырмас құрал. Саралау тәсілдері педагогикалық тәжірибенің қол жетпес құндылығы деп есептеймін. Quote
 
 
0 #5 Майра Амангельдиевна 2019-07-01 12:04 Семинарда жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгердік.
Семинар фасилитациялық сессия формасында өтті. "Әлемдік кафе" әдісі қолданылып, өте қызықты өтті.
Семинар барысында саралап оқытуды қолданудың өзектілігі мен мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқу процесін ұйымдастыруда саралап оқытудың тиімді жолдары анықталып талданды.
Алдағы уақытта сабақты жоспарлауда саралау әдістерінің тиімділігін анықтау, моделдеу, кері байланыс жасауда көптеген тәжірибелер мен мысалдар келтіріліп, өзімізге алары мол семинар болды.
Осы семинарды ұйымдастырып, өткізген Динара Шынболатовна мен Бағдагүл Беккалиевнаға алғысым шексіз.
Quote
 
 
0 #4 Мырзагалиева Жанар 2019-07-01 11:43 "Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі"тақырыбында семинар оздырылған болатын. Мұнда семинардың мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.Семинар барысында саралап оқытуды қолдану өзектілігі мен мүмкіндік қарастырылды. Сонымен қатар саралап оқытудың мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісіп,практик а жұмыс барысында саралау тапсырмаларын моделдеп, сындарлы кері байланыс ұсынылды. Семинар нәтижесінде саралау әдістерінің тиімділігі анықталып, тәжірибелермен бөлісті. Ұйымдастырып отырған Динара Шынболатқызы мен Бағдагүл Бекқалиқызына алғысымды айта отырып, денсаулық, шығармашыдық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #3 Гимранова Айтолқын 2019-07-01 11:38 Семинардан алған әсерім өте тамаша. Саралау бойынша барлық тапсырмалар ұнады. Әріптестерімізд ен әдіс тәсілдермен алмастық Quote
 
 
0 #2 Курмашева Улболсын 2019-07-01 11:22 Семинардан алған əсерім өте тамаша. Маған саралау бойынша өткізілген барлық тапсырмалар ұнады.Ариптестермен ой бөлісіп, əдіс-тəсілдермен алмастық. Өз білімімізді жетілдіре түстік. Тренирлерге алғысымды білдіремін! Quote
 
 
0 #1 ШайдуллаеваТ.С 2019-07-01 11:19 Мен осы Саралау бойынша өткен симинарға қатысып көп деген әдіс-тәсілдерді үйрендім. Әр елге саяxат жасау арқылы олар қалай жасап жатыр өз ойымызды қосттық. Өте жақсы деңгейде өтті. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.