Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы
Thursday, 27 June 2019 09:45

2015 жылдан бастап «Сабақтың үздік контенті» тақырыбындағы облыстық байқауын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» өткізіп жүр.

Байқау жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіне АКТ-ны қолдану және орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушылардың сабақтары бойынша, мұғалімдердің үздік жұмыстарын анықтауға бағытталған.

Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіне АКТ-ны және білім беру мазмұнын жаңарту аясында әр түрлі оқыту технологияларын қолдануға педагогтерді жігерлендіру.

Биылғы жылы аса белсенділік көрсеткен бастауыш сынып мұғалімдері.  Олардан байқауға 100-ге жуық жұмыс түсті.

Байқаудың міндеттері мұғалім шығармашылығындағы үздік сабақ үлгілерін, бейне дәрістерін және сабақ контентін анықтау және заманауи педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған инновациялық технология мен әдістемені кеңінен таратуға ықпал ету болғандықтан жүлделі орын алған мұғалімдердін жұмыстары институттын сайтына орналастырылады. Бұл барлық мұғалімдерге озық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.