Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Ойлар кілемі» - дүниетану пәнінде қолданылатын әдіс
Monday, 25 February 2019 16:01

Құрметті ұстаздар, сіздердің назарларыңызға «Ойлар кілемі» әдісін ұсынамыз.

Бұл әдіс проблемалық оқыту әдістеріне жатады, сондықтан қоғамымыздағы мәселелер бойынша дүниетану пәнінің тақырыптарын қарастыруға тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оқушылардың жұмыстары топ ішінде келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылады:
• Бірінші кезең – мәселені анықтау. Оқушылар өмірде кездесетін (сабақтың тақырыбы бойынша) қиындықтарды атайды. Айтылған мәселелердің біріне тоқталады. Мәселені түрлі түсті стикерлер/қағазға жазады.
• Екінші кезең – шешу жолдарын іздестіреді. Бұл мәселе неден туындайды? Топ өзінің ойын жазады.
• Үшінші кезең – жеке жұмыс. Жағдайды өзгерту үшін мен не істей аламын? Жеке шешім қабылдау.
• Төртінші кезең – бір шешімді ақылдасып таңдау. Бұл кезеңде оқушылар жеке шешім/ойларды бағалап, бір шешімді таңдайды.
Әр кезең бойынша оқушылар ой-шешімдерін түрлі түсті стикерлер/қағазға жазып, «кілем» безендіреді.

Динара Жумагалиева

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.