Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ардагер ұстаз арнайы телебағдарламада
Tuesday, 26 February 2019 16:09

Жергілікті «Aqjai'yq» арнасының рухани-танымдық «Ғашық жүрек» бағдарламасының кезекті санына ғибратты өмірінің 38 жылын ұстаздық қызметке арнап, өмір баспалдағымен шыңдалған тәжірибесінің нәтижесінде қарапайым ұстаздықтан мектеп басшысы қызметіне дейін көтерілген ұлағатты ұстаз Райхан Кәрімқызы Каримуллина қатысты.

Ұстаздық жолында талай асуларды бағындырған кәсіби маман 7 жыл «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында аға оқытушы, ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналының редакторы қызметтерін атқарып, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысты. Бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған абзал ана, сүйікті әже.

«Ғашық жүрек» бағдарламасы табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында кәсіби біліктілікке қол жеткізген тұлғаның игі қасиеттерін көпке үлгі ету, жұртқа беймәлім қырларын танытуды көздейді. Танымал тележурналист Тәтті Өтеғалиеваның жүргізуімен эфирге шығатын бағдарламада тұлғаның жеке өмірінен бастап, қоғамдағы орны мен шығармашылығына дейін толық қамтылып, оның әріптестері, достары, туған-туыстары тұлғаның азаматтық бейнесін, адами асыл қасиеттерін және кәсіби ерекшеліктері турасында сыр шертеді. Осы телебағдарлама аясында «Баспа қызметі және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас маманы Рысханым Қуанаева әріптесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.