Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Біліктілікті арттыру курсы аясындағы ықшамсабақ
Tuesday, 02 July 2019 11:41

2019 жылдың қаңтар – шілде аралығында қазақ тілді мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті»  пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламаласы бойынша курстан өткен педагогтер саны  114, орыс тілді мектептердегі «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» пәнінен - 25.

Жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курсы аясында мұғалімдер таныстырылым түрінде болатын қорытынды бағалауға дайындалады. Оқыту ықшамсабақты қамтиды. Жаңартылған білім беру бойынша мұғалімдердің түсінігі өз тәжірибесі туралы, оқушылардың ілгерлеуіне қалай ықпал ететіндігі туралы ойланғанда ғана дамиды. Ықшамсабақ мақсаты: мұғалім шеберлігін дамыту және Оқу бағдарламасын жүзеге асыру аясында  белсенді оқытуды тәжірибеде қолданып көру.

Ықшамсабақ барысында мұғалімдер өз тәжірибесін, жоспарлаған сабақтың үзіндісін көрсетеді. Ықшамсабақ белсенді оқытуды, критериалды бағалауды (тапсырма, критерий мен дескриптор), саралап оқытуды қамтиды. Мұғалімдер оқушы ролінде тапсырмаларды бойынан өткізеді, эксперт ролінде ықшамсабақты бағалайды. Тыңдаушылардың ойынша ықшамсабақ мұғалімдердің жоспарлау дағдыларын шыңдауға, тәжірибе алуға көмектеседі. Әріптестерінің керібайланысы қысқа мерзімді жоспарды түзетуге мүмкіндік береді.

 

Comments 

 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2019-07-04 19:32 Бүгінгі шараның қатысушысы ретінде тақырыпқа сәйкес құнды ақпаратпен танысып, жаңа тұлғалармен таныстым. Ұйымдастырушыла рға рахмет Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.