Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Шешендікке машықтану жолдары» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді
Thursday, 04 July 2019 18:01

Фотогалерея

Видео 1

Видео 2

Видео 3

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған «C1 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту» екі айлық курс жұмысы жалғасуда.

Курсты "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" ұйымдастыруда. Өткізіліп жатқан курста институт директоры, п.ғ.к. С.Измуханбетова; БҚМУ профессоры, ф.ғ.д. Ғ.Хасанов; ф.ғ.к., доцент Б.Шканова; педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Р.Мулдағалиева; гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Р.Қуанаева; филология ғылымдарының магистрі А.Елеуова дәріс беріп, тәжірибелік сабақтар өткізуде.

Курс бағдарламасына сай 4 шілдеде институт қабырғасында «Шешендікке машықтану жолдары» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өтті.

Мақсаты: Көпшілік алдында сөйлеуде ескерілетін басты қағидаларға талдау жасау, шешендік сөздердегі риторикалық канондар, «тыңдаушыны қалай қызықтыруға болады?», «қалай сендіруге болады?» деген сұрақтар төңірегінде мәліметтер ұсыну болды.

Басқосуда институт директорының орынбасары Елдос Сафуллин сөз алып, «C1 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту» курсының мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті.

«Бинго парақшасы» тренингімен басталған шара 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлімде «Шешен болам десеңіз...» тақырыбындағы ойын-тренингте жағдаяттар, пікіралмасу, сәйкестендіру тапсырмалары берілсе, 2-бөлім ресми дебатқа ұласты.

 

Comments 

 
0 #33 Махметова Айша 2019-07-05 13:12 Шара қызықты да мазмұнды өтті, дебатқа қатысушы тараптар өз позицияларын нақты дәлелдер арқылы қорғап шықты. Шараның куәсі болғанымен қуаныштымын, шешешдік өнер қазақ халқының қанымен берілетін қасиет, белгілі бір жағдайды немесе мәселелені астарлап айтып, мақал-мәтелмен айту арқылы жеткізген. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Шарадан керемет әсер, мол мағлұмат алдым. Қатысушылар мен ұйымдастырушы әріптесетеріме алғыс білдіремін. Quote
 
 
0 #32 Алмагүл Утешовна 2019-07-05 09:08 Жүйелі, мазмұнды ұйымдастырылған шара болды.Курс тыңдаушылары ашық тәжірибелік сабақ барысында ойларын дәделді, шебер жеткізіп, пікірталастың көрігін қыздырды. Quote
 
 
0 #31 Маншук 2019-07-04 19:48 Бүгінгі дебат ұйыдастырушылар ына көп рахмет, өте қызықты түрде өтті. Шынайы ойын жеткізе білген, шешендік қабілеттерін көрсете білген қатысушыларға алғысым шексіз. Екі айлық курс мүмкіндіктерін пайдалана білген, ерекше түрде қорытындылай білген тренерлерімізге жəне курс тыңдаушыларына табыс тілеймін!!! Quote
 
 
0 #30 Хайруллина Айгуль 2019-07-04 19:44 Шараға қатысушысы ретінде тақырыпқа сәйкес құнды ақпаратпен танысып, тұлғалармен таныстым. Ұйымдастырушыла рға рахмет Quote
 
 
0 #29 Багдагул 2019-07-04 19:43 Керемет кеш болды. Қатысқаныма өте қуаныштымын. Тренерлерге шығармашылық шабыт тілеймін. Дебат сайысына қатысқан тыңдаушыларға сəттілік. Керемет тартыс болды… Quote
 
 
0 #28 Шынаргуль 2019-07-04 19:40 Бүгінгі сабақ қызықты өтті.Тренерлер шебер ұйымдастыра білді.Шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #27 Г. Алипкалиева 2019-07-04 19:40 Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дебатқа қатысушылар берілген тақырыпты ашып, өз ойларын еркін жеткізді. Институтымыздың білікті тренерлері Рауан Бақытқызы, Рысқаным Сағынбайқызына алғысымды білдіремін, еңбектеріңіз еленіп, жемісін көре береңіздер… Quote
 
 
0 #26 Өтеғұл 2019-07-04 19:38 Дебатты Ұйымдастырушыла р мен қатысушыларға рахмет, шешендікке машықтану жолдарымен таныстыру сəтті өтті. Quote
 
 
0 #25 Гулбаршын 2019-07-04 19:38 Тәжірибелік сабақ, дебат өте қызықты өтті, қажетті ақпараттарды тыңдадым. Ұйымдастырушыла рга рахмет Quote
 
 
0 #24 Iasipa 2019-07-04 19:37 Курс аясында "Шешендікке машықтану жолдары" ашық тәжірибелік сабағы қызықты өтті.Жақсы ұйымдастырылған . Quote
 
 
0 #23 Ляззат Сайыновна 2019-07-04 19:36 Керемет! Quote
 
 
0 #22 Байкатова Кумыс 2019-07-04 19:36 Спасибо тренерам за открытое занятие! Слушателям курсов спасибо за активное участие в дебатах и тренинговых упражнениях. Quote
 
 
0 #21 Арай 2019-07-04 19:36 Благодарна нашим тренерам за их нелегкий труд! Подача материала интересна, доступна. Сегодняшний тренинг запомнится увлекательными играми, искренними эмоциями участников и искрометными тирадами ораторов, прошедших курс ораторского мастерства! Quote
 
 
0 #20 Анаргуль 2019-07-04 19:35 Шара жоғары денгейде өтті. Ұйымдастырушыла рға, тренерлерге рахмет. Quote
 
 
0 #19 Исмагулова Фарида 2019-07-04 19:35 Шешендік өнерге машықтану атты дебатқа қатыса отырып, өз ойынды білдіру максатта сөйлеген спикерлерге алғысым шексіз Quote
 
 
0 #18 Зулкашева Шынар 2019-07-04 19:35 Басқа сала мамандарының сөз тартысын тыңдау қызықты болды. Quote
 
 
0 #17 Кулан Дуйсенгалиева 2019-07-04 19:34 Ашық тәжірибелі сабақ өте жақсы ұйымдастырылған .Бұндай курстардың сөйлеу өнерін машықтандыруға қөмегі зор екендігіне көзіміз жетіп отыр Quote
 
 
0 #16 Индира Маратовна 2019-07-04 19:34 Өте қызықты, пайдалы шара болды. Шара барысында тренерлердің дайындаған үлестірмелі материалдары керемет болды. Quote
 
 
0 #15 Акбота Жумашева 2019-07-04 19:34 Бүгінгі тәжірибелік ашық сабақ өте жақсы өтті. Дебат барысында Спикерлер смарт технологияларын ың пайдасы мен зияны деген тақырыпты жоғарғы деңгейде ашып айта алды. Өзім үшін түйген пайдалы ақпараттары өте көп болды Quote
 
 
0 #14 Айымжан 2019-07-04 19:34 Керемет ұйымдастырылған . Көп мәлімет біліп, танып, үйрендік. Ұйымдастырушыла рға көп-көп рахмет. Quote
 
 
0 #13 Жоламан Сәрсембі 2019-07-04 19:34 Маған ұнады. Жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! Quote
 
 
0 #12 Гүлназ Патчагулова 2019-07-04 19:34 Қай бала білім-ғылымды махаббатпен көксерлік болса, соның аты адам болады деп Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі таңда тілімізді, қазақилығымызды , ұлтымызды адам қылуға талпынған осы шешендік өнерді дамытуға үлес қосқан ұйымдастырушыла рға зор алғысымдф білдіремін! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.