Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
Friday, 05 July 2019 09:08

2019 жылдың 1 мен 5 шілде аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған.  Курстың оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, 4шілде Орал қаласының №47 «Бәйтерек» бөбекжайында «М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық жұмыс оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасы бойынша бөбекжай директоры Г.Г.Тлеккабулова тыңдаушыларға бөбекжай тынысы туралы шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды. Бөбекжайдың музыка жетекшісі П.А. Амангелдиева, хореограф С.А.Кажыгалиева «Сазды сәлем жолдаймыз!» атты бөбекжайдан  музыкалық  сәлемдеме, педагог-психолог М.Д. Жарылгасова «Дос болайық!» атты тренингін өткізді. Бөбекжайдың тәрбиешісі С.Д. Измагамбетова «Веселый калейдоскоп» тақырыбында сөйлеуінде мүкістігі бар балаламен жеке жұмыс ұйымдастырды.

Сонымен бірге бөбекжай тәрбиешісі М.Р. Рысмаганбетова «Мен  және дене мүшелерім» тақырыбында ҰОҚ,  бөбекжай әдіскері А.Е.Рахметова, тәрбиеші  А.Р.Журмухамбетова «М.Монтессори технологиясындағы тиімді ойындар» тақырыбында тыңдаушылармен шеберлік сынып өткізді.

КТС қорытынды бөлімінде тыңдаушылар «Біздің қоржын» атты  көрмені тамашалады.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған №47 «Бәйтерек» бөбекжайы директоры Г.Г.Тлеккабуловаға, және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.