Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» - рухани өрлеу жолында
Wednesday, 07 August 2019 16:21

Аты әлемге танымал испандық жазушы Мигель де Сервантес «Тарих – біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ел болашағымыздың асыл қазынасы»,– деген екен. Қазақ даласының табиғаты көркем, суы мөлдір өлкелері көп. Көне дәуірлерден сыр шертетін, құпиясы да мол өңірлер де баршылық.

Соның бірі –  қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ-ның  Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарына сай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 7 тамыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директоры Софья Измуханбетованың бастамасымен тарих қойнауынан сыр шертетін «Хан ордалы – Сарайшық» қаласына ұжымдық саяхатқа шықты.

Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған.14 ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған.

Сонымен қатар институт қызметкерлері жеті ханның мәңгілік мекеніне айналған тарихи орынның көрнекті бөлігі "Хандар панетонына", көне қаланың археологиялық қазба орнына барып, тарихи деректерге қанықты. Кешеннің тағы бір бөлігі сәулетті мешітке бас сұғып, аруақтарға құран бағыштады.

Тарихы терең, қойнауы кең өлке Сарайшыққа барған Оралдық «Өрлеуліктер»  музейдегі естелік кітабына өз қолтаңбаларын қалдырып, керемет әсермен қайтты.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.