Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде
Wednesday, 25 September 2019 09:52

"Өрлеу" БАҰО" АҚ "БҚО ПҚБАИ" базасында 2019 жылдың 23 мен 27 қырқүйек аралығында «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курс аясында Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты тәрбиешілерінің озық педагогикалық тәжірибесімен алмасу мақсатында «Интернаттық білім беру ұйымдарында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері», «Мамандандырылған мектеп-интернат жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптар» тақырыптарына шеберлік сыныптары өткізді. Шеберлік-сыныпты мектеп-интернат ұжымы жоғары дәрежеде ұйымдастырып, оқу-тәрбие процесіне қажетті ресурстарымен бөлісті. Мекеме тәрбиешілері жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарымен тәжірибе бөлісіп, кеңес берді. Институт атынан Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының директоры А.Ғұбашқа және ұжымға тәжірибелік көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.