Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар өткізілді
Wednesday, 25 September 2019 12:12

25 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Білім  беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Педагогикалық үрдістегі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Семинарға институттың ББПППС кафедрасының меңгерушісі Динара Жұмағалиева қатысып, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының қатысушыларымен кездесіп, байқау туралы ой бөлісті.

Семинар жұмысына №16 ЖББОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі С.Давлетова  «Профессиональная поддержка учителя через сотрудничество с этнокультурными центрами» тақырыбында, №42 «Ақ ниет» гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Наурызова «Өзіңді және басқаларды түсіне біл», А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Сарсенғалиева «Бұл әлемге келген соң» атты шеберлік сыныптарын өткізсе, институттың аға оқытушылары Шынар Арыстанова «Өзін-өзі тану пәнінің құрылымдық-мазмұндық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында,  Сәуле Файзуллина «Программа нравственно-духовного образования «Самопознание», как одна из основ реализации  идей «Рухани Жаңғыру» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізіп, пікір алмасты.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.