Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Базалық білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс
Thursday, 26 September 2019 09:32

Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларына арналған курс аясында «Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда және сабақтан тыс қызметте оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық көшпелі-тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Курс тыңдаушыларына арналған көшпелі – тәжірибелік сабақ барысында мектеп-гимназия мұғалімдері А.О. Муханбетова, Н.У. Бекбулатова, Б.Ш. Татаханова, С.А. Насибуллиналардың үлгілі сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар мекеп-гимназиядағы тіл апталығы аясында өтіп жатқан қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, кері байланыс жасап, тәжірибе алмасты.

Осындай базалық білім беру ұйымдарымен бірлескен мазмұнды шараларды ұйымдастыруда үнемі белсенділікпен өткізетін Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия ұжымына «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО ПҚБАИ» атынан табысты да нәтижелі еңбек тілеп, жақындап келе жатқан кәсіби мереке – мұғалімдер күні қарсаңында алғыс білдіреміз. Ұжымның бағындырар биіктері мен жетер жетістіктері, білімді шәкірттері көп болсын, –  деп тілейміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.