Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Шеберлік сынып оздырылды
Friday, 13 September 2019 16:46

Үстіміздегі жылдың 13 қыркүйек күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «БЦСА бар  балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының түрлері» тақырыбында шебер сынып өтті.

Шебер сынып мақсаты: инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында  педагогтердің тәжірибелік дайындығын қалыптастыру және кәсіби құзыреттілігін дамыту. Тәжірибе алмасу бағытында Орал қаласының №19 ЖОББМ арнайы сыныбының бастауыш сынып мұғалімі  Ардақ  Ескареевна Бисенгалиева өз тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сынып барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы инновациялық технологиялар: Монтессори әдісінің элементтерін қолдану; Құм терапиясы; Арт-терапия; Ойын терапиясы; Ертегі терапиясы туралы ақпарат айтылып, іс-тәжірибе таратылды.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.