Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды
Tuesday, 24 September 2019 16:57

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында 2019 жылдың 16-27 қыркүйек аралығында «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына біліктілікті арттыру курсы өтуде.

24.09.2019 ж. біліктілікті арттыру курсы аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақ Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясының базасында ұйымдастырылды. Шараның кіріспе бөлімінде гимназия директоры Е.Темиргалиев және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сеитова курс тыңдаушыларын тәрбие жұмысының бағыттарымен таныстырды. Соның ішінде, НЗМ тәжірибесі негізінде гимназияда өз Отанының патриоты мен азаматын тәрбиелеу құралы ретінде жүзеге асып жатқан оқушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру, «10 кітап» жобасы, «TEDx» форматында Абай шығармашылығын талдау жұмыстарымен таныстырды.

Көшпелі тәжірибелік сабақтың екінші бөлімінде гимназия мұғалімдері курс тыңдаушыларымен «Уақыт жетістікке жетелейді», «Мен оқыған жүз кітап» жобалары туралы ақпарат беріп, практикалық жұмыс жүргізді. Ал бастауыш сынып оқушыларымен «Отбасы бақыт мекенім» тақырыбында ұйымдастырылған жаңа форматтағы тәрбие сағаты жүйелі жұмыстын дәлелі болды. Институт ұжымы атынан гимназиядағы әріптестерімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта ынтымақтастығымыз нығая түседі деп сенеміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.