Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды
Wednesday, 25 September 2019 11:02

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиа «БҚО ПҚБАИ» базасында 2019 жылдың 16-27 қыркүйек аралығында «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда.

Біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының 25.09.2019 ж. көшпелі тәжірибелік сабағы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық экологиялық-биологиялық орталығының базасында ұйымдастырылды. Орталықтағы көшпелі тәжірибелік сабақ экскурсиямен басталды. Экскурсияны орталықтың директоры Кержикова Фатима Гениятуловна өзі жүргізіп, облыс бойынша экологиялық-биологиялық бағытта жүзеге асып жатырған жұмыстардың мазмұнымен таныстырды.

Көшпелі тәжірибелік сабақтын камералық бөлімінде орталықтың өсімдіктер бөлімі меңгерушісі Ф.Каумбаева жылыжаймен, одна жүргізілетін зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырып, біліктілікті арттыру курсы мазмұнындағы білімді өмірде тәжірибелік тұрғыда қолдану мен шынайылыққа тәрбиелеудегі өлкетану курсының маңыздылығына мысал ретінде тыңдаушылармен раушан гүлін күзгі қалемшелеу бойынша практикалық жұмыс жүргізді. Сол сияқты білім алушыларда өңірі туралы ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, ол бойынша мәліметтер базасын жинау, құнды материалдарды талдау мен бағалау бағытында әдіскер Ж.Жалгелдеева жүргізген практикалық сабақ жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Институт ұжымы атынан облыстық экологиялық-биологиялық орталығындағы әріптестерімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз нығая түседі деп сенеміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.