Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Әдістемелік семинар өтті
Thursday, 26 September 2019 13:09

2019 жылдың 26 қыркүйек күні "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "БҚО ПҚБАИ" ұйымдастырған «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылар Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасында тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы» тақырыбындағы әдістемелік семинарға қатысты.

Семинарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Айдыналиева ашып, жатақхана меңгерушісі М.Масалимова жатақхананың құрылымы және қызметімен таныстырды. Қатысушыларға «Жалғыз келдім» тренингі өткізіліп, тыңдаушылар кампус-тур жасады.

Б. Султангалиева, Ә. Рахымғалиев, Г. Хайруллина, М. Вакишевалар "Ойын бағдарламалары – шығармашылық іс-шаралардың интеграцияланған түрі" тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Б.Султангалиева "НЗМ жатақханасының тәрбие жұмысының тұжырымдамасы" таныстырылымын жасады.

Курс тыңдаушылары теориялық білімді іс жүзінде көріп, жағымды әсерлерімен бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өтті, институт атынан НЗМ директоры Ш.Кадыроваға және ұжымға тәжірибелік көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.