Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Теория мен тәжірибемен ұштасуы
Wednesday, 13 November 2019 15:36

2019 жылдың 4-15  қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 25 психологі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Ерекше білім беруді қажет (ЕББҚ) ететін балалардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсету;
  • ЕББҚ бар балаларға жеке амалдар қолданылған мамандардың шеберлік  сыныптарына қатысу;
  • Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 13 қараша күні Орал қаласының № 32 «Колокольчик» бөбекжайында «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмектің түрлері» тақырыбында  өткізілген  көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін топтық сабақ пен шеберлік сыныптарға  курс тыңдаушылары қатысты. КТС бағдарламасы бойынша аталған бөбекжайдың директоры Е.Ю.Мартынова ұжымның инклюзивті білім беру жүзеге асыру бойынша шолу жасап, педагог-психолог Т.Т.Кереева «Сәлемдеме» тренингі өткізді. Сонымен қатар жоғары санатты тәрбиешісі Т.Ю.Лапшинаның «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойын түрлерін қолдану» шеберлік сыныбына, педагог-психолог Т.Т.Керееваның «Сиқырлы орман» атты арт-терапия элеметтері қолданылған түзету-дамыту сабағына қатысты. Курс тыңдаушыларымен І санатты МДҰ әдіскері Ж.Т.Жанабаева «Педагог потенциалы» атты педагогикалық брейн ринг көрсетті. Психолог кабинетінің әдістемелік-материалдық жабдықталуымен танысты.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 32 «Колокольчик» бөбекжайы директоры Е.Ю.Мартыноваға  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.