Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Сертификаттар табысталды
Wednesday, 18 December 2019 17:27

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы курсты табысты аяқтаған курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша жоғары оқу орындарының (БҚМУ, БҚАТУ, АМУ) профессор-оқытушылар құрамын қамтыған курстың алғашқы 2 аптасы онлайн түрінде ұйымдастырылып, кейін 4 апта Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын тапқан болатын. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру мақсатындағы курс соңында тыңдаушылар өз саласы бойынша портфолио дайындап, қорғап шықты.

240 сағаттық курс барысында тренерлер Рауан Мулдагалиева мен Бағдагүл Габбасова қатысушылардың Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында кәсіби біліктіліктерін арттырып, емле ережелерін толық меңгерулеріне күш салды.

Бүгінгі шара соңында жоғары оқу орнының оқытушылары Бақытгүл Мырзабаева, Айсана Испанова, Мөлдір Ермановалар курсты ұйымдастырушыларға, тренерлерге жылы лебіздерін білдіріп, латыннегізді қазақ жазуының емле ережелеріне қатысты өзіндік ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.