Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Біліктілермен бір күн» жобасы аясында «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» шарасы өткізілді
Thursday, 19 December 2019 16:32

Үстіміздегі жылдың 19 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұжымының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Біліктілермен бір күн» жобасы аясында «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» атты шара болып өтті. Шараға институтта ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен Өтебай Құспанұлы бастаған ардақты ардагерлер және институт қызметкерлері қатысты.

«Қариясы бардың – қазынасы бар» демекші, ұрпақтар сабақтастығына жетелеген мәні зор шараны ұйымдастыруға мұрындық болған институт директоры Софья Салахиденқызы ардагерлерге қош келдің айтып, жүрекжарды лебізін білдірді.

Шара барысында  институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин ардагерлерді киелі қара шаңырақтың қазіргі тыныс-тіршілігі, курстық және курсаралық шаралардың мазмұны, нәтижесімен таныстырып, қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті.

Ардагерлерді ұлықтауға арналған жиында сөз алған Курстан кейінгі қолдау және инновацяларды енгізу зертханасының меңгерушісі Күлән Дүйсенгалиева бөлімнің қоғаммен байланыс жұмыстарына, курсаралық шараларды қолдау барысында атқарылған шараларға шолу жасап, дайындалған «Интервью с интересным человеком», «Живой разговор с учителем», «Сабақтың қызықты сәттері», «Лучшие в профессии», «Нескучное интервью» бейнероликтерін тамашалауға шақырды.

Тағылымды кездесуден әсерленген аға ұрпақ жиын соңында институт ұжымына ризашылықтарын білдірді.

 

Comments 

 
0 #13 Багдагул Беккалиевн 2020-01-16 16:04 Керемет кездесу болған екен… Quote
 
 
0 #12 Маншук Кенесовна 2019-12-23 17:37 Ақ тілекті, пәк жүректі адамдармен кездесу өте ұнады, ұйымдастырушыла рға көп рахмет! Quote
 
 
0 #11 Хайруллина Айгуль 2019-12-23 09:47 Облыстық педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде қызмет еткен Ардагерлермен дәстүрлі кездесу біздерге - кейінгі буынға үлгі әрі өнеге екенің мақтанышпен айтамыз. Рахмет! Quote
 
 
0 #10 Гүлдана 2019-12-22 16:58 Қайырлы кеш!
Институт қабырғасында талай жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан, еңбек ардагерлерімен қайта қауышу - олардың ізін басқан біздер үшін де зор қуаныш сезімін сыйлады. Сіздердің бізге берген баталарыңызды есту біз үшін зор қуаныш. Алдағы жылдарда да Сіздермен амандықта қауышуды жазсын!
Quote
 
 
0 #9 Гүлдана 2019-12-22 16:56 Қайырлы кеш!
Институт қабырғасында талай жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан, еңбек ардагерлерімен қайта қауышу - олардың ізін басқан біздер үшін де зор қуаныш сезімін сыйлады. Сіздердің бізге берген баталарыңызды есту біз үшін зор қуаныш. Алдағы жылдарда да Сіздермен амандықта қауышуды жазсын!
Quote
 
 
0 #8 Назира Галихановна 2019-12-20 15:16 [14:55, 20.12.2019] +7 776 922 5445: Коллеги, встреча с вами — как отрада,
Вы - одна дружная команда,
И день за днем руки не покладая,
Свершаете новые дела!

Все достижения — совместный труд,
Награда за поиск и упорство,
И мы желаем каждому из вас
Успехов, процветания и роста!

Пожелать хотим, коллеги,
Счастья каждому из вас,
И судьбе мы благодарны,
Что она связала нас!
[14:56, 20.12.2019] +7 776 922 5445: С благодарностью и пожеланиями
Сауле Жадигеровна,
Назира Галихановна.
Quote
 
 
0 #7 Назира Галихановна 2019-12-20 15:15 Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Халықтың мақтауына еленіңіз!

"Өрлеу" ұжымына ризамыз! Жетістіктеріңіз көп болсын!
Quote
 
 
0 #6 Баян Бисахановна 2019-12-20 15:15 Келе жатқан Жаңа Жыл баршамызға құтты болсын, ұжымымыз биіктен көрінсін , әрдайым еңбектері бағаланып! Quote
 
 
0 #5 Гулбаршын М 2019-12-20 15:14 Рахмет Каримовна Сiздерге де жана жыл жаксылыгымен келсин Quote
 
 
0 #4 Райхан Каримовна 2019-12-20 15:13 "Өрлеу"ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз. Ардагер ұстаздарға керемет кездесу ұйымдастырдыңыз дар.Үлкен күш,тың серпіліс сыйладыңыздар.Жаңа жыл жаңа бастама,мол табыс əкелсін. Біз əрқашанда "Өрлеумен" біргеміз ! Quote
 
 
0 #3 Күлаш Мубараковна 2019-12-20 15:13 "Өрлеу" ұжымына шексіз алғыс білдіреміз! Тамаша демалыс сыйладыңыз! Келе жатқан жаңа жылда жаңа биіктерден көріне беріңіздер! Жаңа кездесуге ортамыз азаймай, түгел қатысуға жазсын! Quote
 
 
0 #2 Бейлова Мансия 2019-12-20 15:12 Рахмет, ұжымның тобына қосқаныңызға! Бəріңіз де аман болыңыздар! Бүгінгі құрметтеріңе көп-көп рахмет! Quote
 
 
0 #1 Баян Бисакановна 2019-12-20 15:11 Ұжыммен кездесу құтты болсын, бәріңізге сағынышты салем! Аман болыңыздар! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.