Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жазушымен өткен әсерлі кездесу
Monday, 23 December 2019 17:49

Фотогалерея

23 желтоқсан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері,  "Көкбөрі", "Он төрт", "Тұлпар", "Қыран қанатындағы күй", "Абадан" кітаптарының авторы, тележурналист Мұнайдар Балмолдамен кездесу өтті.

Ұжым мүшелері автордың сиясы кеппеген "Абадан" романын оқып, кездесу барысында шығарма желісі бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Институт директорының орынбасары Е.Н.Сафуллиннің бастамасымен жүзеге асқан шарадан «Өрлеу» ұжымы рухани азық алды, шығармашыл тұлғамен емен-жарқын жүздесті. Шара барысында Е.Н.Сафуллин тың туындының оқырман қауымға жол тартуымен құттықтады. "Абаданды" оқып қана қоймай, романның желісін толық зерттеп, презентация көмегімен ширатып айтқан Е.Н.Сафуллин институт ұжымының кітап оқуға деген қызығушылығын оятты. "Абаданға" ақ жол тілеп, біз де оқуға кірісіп кеттік!

 

АБАДАН

Анталап төніп қабаған,

Алса да дұшпан жағадан.

Азуы алты қарыс зау,

Ықпайды Арлан Абадан!

 

Ұлыса көкке қараған,

Тәңірден қуат қалаған.

Арыстаннан да айбатты,

Қайратты Көк Жал Абадан!

 

Алдаспан Арға санаған,

Наркескен Нажға балаған.

Жолбарыстан да жойқын тым,

Күжірей жонды Абадан!

 

Қорқау иттерден қамаған,

Жабылып беріп талаған.

Рухың басым, Бас Бөрім,

Көк Байрақ түскен Абадан!

 

Күш алған ұлы даладан,

Ата тегім бар тараған.

Жон арқамдағы көк мөрің,

Көк Бөрім, сенен Абадан!

 

Сен жайлы жазсам, Хаһ Аллам,

Жар болар, алтын тәж арман.

Басыма қонар бақыт құс,

Кітабым сенсің ~ Абадан!

 

Жорыққа шайқас жараған,

Жеңіске жеңіс жамаған.

Сен жайлы жаздым мың өлең,

Бір кітап және Абадан!

 

Аман бол, күлкі, табадан,

Маңдай тер, еңбек ақ адал.

Саған ақ жол тілеймін,

Жорыққа шыққан Абадан!

 

Мұнайдар Балмолда

09.09. 2019

 

Comments 

 
0 #15 Еркегалиева Жемис 2020-01-10 16:32 Жергілікті ақын, жазушы, журналист Мұнайдар Балмолдамен "Бірге оқимыз" атты керемет шара ұйымдастырылды. Өзі қарапайым әрі еңбекқор, талантты тұлға. Даналы, саналы әр айтқан әңгімелерінің тəрбиелік құндылығы зор.Авторға шын жүректен мықты денсаулық,толағ ай табыстар тілей отырып, туындылары, шығармалары болашақ ұрпаққа берер рухы мықты, тәрбиелік мәні зор… Quote
 
 
0 #14 Еркегалиева Жемис 2020-01-10 16:31 Жергілікті ақын, жазушы, журналист Мұнайдар Балмолдамен "Бірге оқимыз" атты керемет шара ұйымдастырылды. Өзі қарапайым әрі еңбекқор, талантты тұлға. Даналы, саналы әр айтқан әңгімелерінің тəрбиелік құндылығы зор.Авторға шын жүректен мықты денсаулық,толағ ай табыстар тілей отырып, туындылары, шығармалары болашақ ұрпаққа берер рухы мықты, тәрбиелік мәні зор… Quote
 
 
0 #13 Хайруллина Айгуль 2019-12-24 17:20 Филиалдың "Бірге оқимыз" жобасы аясында танымал журналист, ақын, жазушы Мұнайдар Балмолда ағамызбен "Абадан" туындысы негізінде ұйымдастырылған кездесу ұжымға рухани азық берді. Ағамыздың бойынан адамгершілік, ұлтжандылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды байқадық. Сонымен қатар "Абадан" туындысымен толық танысқан әріптестерімізд ің, соның ішінде Елдос Набиоллаұлының ортаға салған ойы да кездесудің мәнін терең аша түсті. Осы кездесуді ұйымдастырған әріптестерімізг е алғыс айта отырып, Ағамызға шығармашылық табыстар тілейміз! Quote
 
 
0 #12 Бахтиярова Рысканым 2019-12-24 16:49 Кездесуден алған әсеріміз ерекше. Шығарманың идеясы мен сюжеттерін қиыстыруда автордың шебер қолданыстарын, дайындығын, ізденістерін өз ауызынан есту - оқырман үшін де бір дүние.
Қазақтың, тектіліктің туын көтерген тың туындының елім деп жүрегі соққан әрбір оқырманға берер рухы мен тәрбиелік мәні зор.
Quote
 
 
0 #11 Рысханым Қуанаева 2019-12-24 14:38 "Бірге оқимыз" жобасы аясында өткен басқосу өте әсерлі өтті. Автормен бетпе бет жүздесіп, қызықты эпизодтарды талдап, сұрақтарымызды қойдық. Мұнайдар ағамыздың жазу шеберлігіне, әңгімелеу шешендігіне тәнті болдық. Quote
 
 
0 #10 Динара Жумагалиева 2019-12-24 12:41 Жергілікті ақын, жазушы, журналист Мұнайдар Балмолда ағамызбен тамаша кездесу өтті. Өзі қарапайым әрі еңбекқор, талантты адам екен. Əр айтқан сөзі мағыналы, тəрбиелік құндылығы зор, патриоттық сезімі мол екені байқалды. Quote
 
 
0 #9 Бибигуль Габдрахмано 2019-12-24 12:40 "Бірге оқимыз" жобасы басқа форматта ұйымдастырылып, автормен кездескеніміз өте әсерлі болды. Романды оқуға деген қызығушылық жалпы қасқырлар жайлы ақпаратты іздеп танысуға, қасқыр мен қазақтың арасындағы тылсым байланысты зерттеуге ой салды. Ұйымдастырушыла рға шексіз ризашылық, авторға ойлаған арман-мақсаттары орындалсын деп тілейміз! Quote
 
 
0 #8 Г. Алипкалиева 2019-12-24 12:31 БҚО өңірінің Жаңақала елді мекенінде дүниеге келген ақын, тележүргізуші Мұнайдар ағамызбен "Бірге оқимыз" атты керемет шара ұйымдастырылды, Адам мен қасқырдың тілдесуі туралы айтылған "Абадан" атты туындысымен таныстық. Рақмет! Quote
 
 
0 #7 Маншук Кенесовна 2019-12-24 12:01 Танымал тележурналист Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолдамен кедесу ұйымдастырған және "Абадан" атты киелі жаңа кітабымен таныстырған Елдос Набиоллаұлы және институт ұжымына алғысымыз шексіз! Қарапайым тілмен жазылған, өзіндік сыры бар шығармасының құндылығы да жоғары. Баршаңызға рахмет! Quote
 
 
0 #6 Маншук Кенесовна 2019-12-24 12:00 Танымал тележурналист Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолдамен кедесу ұйымдастырған және "Абадан" атты киелі жаңа кітабымен таныстырған Елдос Набиоллаұлы және институт ұжымына алғысымыз шексіз! Қарапайым тілмен жазылған, өзіндік сыры бар шығармасының құндылығы да жоғары. Баршаңызға рахмет! Quote
 
 
0 #5 Махметова Айша 2019-12-24 11:46 Жерлес ақын, жазушы, тележүргізуші Мұнайдар ағамызбен кездесу керемет өтті. Сиясы кеппеген "Абадан" кітабының таныстырылымы, тұсаукесері десек те артық емес, ұжымда дәстүрге айналған "Бірге оқимыз" жобасының кезекті отырысы автормен бірге сұхбаттаса отырып, кітапқа шолу жасалды. Авторға алғыс білдереміз, қаламы мұқалмай, қарымды ойларымен әлі талай оқырманның жүрегіне жол табады деген сенім білдіремін. Quote
 
 
0 #4 Елдос Сафуллин 2019-12-24 11:42 Қазақ пен қасқырдың ұқсастығын оқырманға көрсеткісі келген жазушы, романда бөрілердің 7 ата үлгісінде тектері таратылғанын өзім де аңғармаппын деп таңданысын білдірді Quote
 
 
0 #3 Елдос Сафуллин 2019-12-24 11:40 Шыққан тегімізді тереңдете ойласақ, көк түркі мен көк бөрі көз алдымызға келеді. Осындай қасиетті тақырыпқа жазушы үлкен дайындықпен келген. "Абадан" романын жазу барысында жазушы 17 түрлі бөрі есімін қолданыпты. Қалған хикая, әңгімелерінде олар тіптен көп. Quote
 
 
0 #2 Гүлдана 2019-12-24 11:24 Қайырлы күн!
Ақын, танымал тележүргізуші Мұнайдар ағамызбен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Автордың бойынан ұлт жандылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді байқадық. Автордың "Абадан" атты туындысын түгел оқып шығып, өз ойын ортаға салған Елдос Набиоллаұлына да ризамыз."Абаданның" өлкеміздің тыныс-тіршілігімен ұштастырылып жазылған тың шығарма екеніне көзіміз жетті. Авторға шығармашылық табыстар тілейміз!
Quote
 
 
0 #1 Гүлдана 2019-12-24 11:23 Қайырлы күн!
Ақын, танымал тележүргізуші Мұнайдар ағамызбен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Автордың бойынан ұлт жандылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді байқадық. Автордың "Абадан" атты туындысын түгел оқып шығып, өз ойын ортаға салған Елдос Набиоллаұлына да ризамыз."Абаданның" өлкеміздің тыныс-тіршілігімен ұштастырылып жазылған тың шығарма екеніне көзіміз жетті. Авторға шығармашылық табыстар тілейміз!
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.