Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Тәжірибе алаңында» мектеп басшылары
Friday, 10 January 2020 17:04

«Мектеп менеджменті: тиімді басқару мен сапалы білім беру» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қаңтардың  8-10 күндері аралығында облыстың білім беру ұйымдары басшыларына арналған оқыту семинары оздырылуда.

Семинарға басшылық қызметінде 3-5 жыл өтілі бар мектеп басшылары топтастырылып, Орал қаласының №37 ЖББОМ базасында өткізілді.

Мақсаты: білім беру ұйымдарының жедел және стратегиялық басқарудың озық құралдарын меңгерген кәсіби басшыларды дайындау.

10 қаңтар күні өткізілген «Тәжірибе алаңына» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»  тренері Бахтиярова Рысқаным Жолболсынқызы қатысып, «Педагогикалық этика. Педагогикалық шеберлік негіздері» тақырыбында дәріс оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар оқыту семинарында білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін, көшбасшылық қабілетін жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылды.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.