Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Білім беруді жаңарту – уақыт талабы» ақпарат күні өткізілді
Tuesday, 03 March 2020 14:47

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында «Білім беруді жаңарту – уақыт талабы» тақырыбында «Ақпарат күнін» өткізді.  Жиынға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директорының орынбасары Елдос Сафуллин, институт ұжымы және курс тыңдаушылары қатысты.

Жұбан Молдағалиев атындағы ОӘҒЖ директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова  қазіргі заманның дамуына байланысты кітапханаларды автоматтандыру, ақпараттық қорларды қолдану және дамыту, ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу жөніндеайтып өтті. Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкері Нағима Темірғалиева виртуалды АБА оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін библиографиялық қызмет көрсетудегі жаңа мүмкіндіктермен таныстырып, ақпараттық сайттарға тоқталды. Атап айтсақ, https://ust.kz/: ұстаздар тілегі республикалық сайты ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ, КТП, сценарийлер, олимпиада есептері, тәрбие сағаттары, мұғалімдерге керекті барлық құжаттарды табуға мүмкіндік беретінін, сайтта тегін материал жариялап, олимпиадаларға қатысуға болатынын айтты. Сондай-ақ «Білімпаз», «Тарих», Білімділер порталы, виртуалды анықтама қызметінің ерекшеліктері, пайдаланушы ақпарат іздеуде жедел кәсіби көмек алатынын, WEB сайтта әр күнде жаңарып отыратын электрондық каталогтар құрамына кітаптар, басылымдар, авторефераттар, нормативті құжаттар кіретінін, каталог қашықтықтан мағлұмат алуға мүмкіндік беретіні  айтылды.

Кітапхана қызметкері Бибігүл Каленова Жұбан Молдағалиев атындағы ОӘҒК https://www.zkolib.kz/ сайтына кіріп, ақпарат алуға, қызықтырған тақырып бойынша әдебиеттер тізімін іріктеп, библиографиялық сипаттауға көмектестіндігін жеткізді.

Кітапхана қызметкерлері педагогтер үшін маңызды төмендегі сілтемелерді тыңдаушыларға ұсынды.

https://ust.kz/.

https://e-history.kz/kz

http://www.tarih.spring.kz/kk/

http://ustazbol.kz/

http://bilimdiler.kz/

http://kazbilim-edu.kz

www.balakai.kz .-

http://kazneb.kz/ .-

http://kitap.kz/

https://matematik.kz/

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.