Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ерлік мәңгі есте
Wednesday, 04 March 2020 16:05

Ағымдағы жылдың 4 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай белгілі өлкетанушылар, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» директоры Айболат Құрымбаев пен БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Ахмедияр Батырхановпен кездесу өтті.

Кездесуге  алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен курс жетекшісі Зайлаги Жакслыков,  институт қызметкерлері қатысты.

Шарада алғысөз алған директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин Ұлы Отан соғысының ақтаңдақтарын зерттеп жүрген өлкетанушыларды таныстырып, тыңдаушылардың осы шарадан ізденіс, ғылыми жұмыстар жүргізуге қажетті мол мәліметтер ала алатынын айтып өтті.

Айболат Шамұратұлы биылғы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы «Волонтер жылымен» орайлас келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын айтып өтті. Волонтерлердің 7 жұмыс бағытының ішінде «Үміт» және «Асыл мұра» тармақтары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Бөкей Ордасы ауданынан соғысқа аттанып, із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеу барысында табылған деректерге нақты тоқталып, ізденіс жұмыстарының жинақтарын ұсынды.

Ахмедияр Қуанұлы өз кезегінде сұрапыл соғыста қазақтан шыққан батырлардың елеусіз қалған ерліктері туралы нақты мәліметтермен бөлісті. Ерекше қайсарлық танытқан жауынгерлер ерліктері дәріптеліп, цифрлық деректер мен дәлелді құжаттарды алға тартып, ізденіс жұмыстарына жетеледі. Сонымен қатар тыңдаушыларға ресми сайттардан дерек іздеудің тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибе бөлісті.

Басқосу соңында тыңдаушылар шара туралы пікірлерін айтып, Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерліктерін дәріптеп жүрген өлкетанушылардың жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.