Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Цифрлық білім беру ресурстары. Балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру циклограммасын құру
Monday, 11 May 2020 16:23

Куәлік

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен 11 май күні «Цифрлық білім беру ресурстары. Балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру циклограммасын құру» тақырыбында вебинар өтті.

Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын құру және қолдану бойынша ұсыныстар беру, балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру циклограммасын құру мақсатындағы вебинарға облыстың, қаланың мектепалды даярлық топтарының (сынып) педагогтері қатысты.

Вебинар  ұйымдастырушысы, модераторы ББПППС кафедрасының аға оқытушысы  Гульфия Алипкалиева шараның мақсат-міндетімен таныстырып, «Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсыныстар. ЦБР дегеніміз не? ЦБР-ді қалай құру керек?» деген өзекті тақырыпта ой қозғап, мұғалімдерге әдістемелік көмек берді.

Өз кезегінде сөз алған ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Анаргул Абдрахманова «Презентацияны видеоға түрлендіру» бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар институтпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келе жатқан №13 «Золотой ключик» бөбекжайының директоры Менсулу Буентаева «Мектепалды даярлық топтарында (сынып) қашықтықтан оқыту кезіндегі балалардың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру циклограммасы» бойынша өзінің тәжірибесін ортаға салды.

Маңызды мәселелерді өзек еткен вебианар соңында қатысушылар өзара  пікір алмасты.

 

Comments 

 
0 #2 Алмаш Исламбековна 2020-05-20 15:01 Ұйымдастырылған вебинардың бүгінгі күні қашықтан оқытуда жұмыстанып жатырған педагогтерге берері мол болды деп есептеймін. ТЖ кезіне дейін оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалансақ та, қазіргі уақытта ЦБР тиімді жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен нақты бағыттары көрсетілген осындай педагогикалық көмектің болғандығы қуантады. Педагогтердің білім қоржынын толықтырған тәжірибелі ұйымдастырушы Гульфия Бекетовнаға зор алғысымды білдіремін. Quote
 
 
0 #1 Ажгереева Алтын Куан 2020-05-15 20:15 Вебинар өте сәтті өтті. №13"Золотой ключик"мектепке дейінгі ұйымның директоры меңсұлу Буентаевадан көптеген мағлұматтар алдым, көп рахмет сізге. Осы вебинарды ұйымдастырып отырған Анаргуль Абдрахмановаға және Гульфия Алипкалиеваға алғысымды білдіремін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.