Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қашықтықтан оқыту курстары өтуде
Wednesday, 13 May 2020 11:21

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырумен 5 мамыр мен 22 мамыр аралықтарында қашықтықтан оқыту курстары өтуде. Онлайн режиминде  You Tube каналында өтіп жатқан курстарға облыс педагогтері белсенділікпен қатысуда. Пән мұғалімдері тәжірибелі, білікті аға оқытушылармен кері байланыс орнатып, пікірлерін білдіруде.

04.05-15.05. аралығында қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9-сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында  аға оқытушы Рысханым Қуанаева, интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Сәуле Файзуллина, мектептердің педагог-психолог мамандарына «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында Құралай Шамуратова, қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 1-4-сынып мұғалімдерге арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Бибігүл Габдрахманова сынды білікті мамандар курс өткізуде.

Сонымен бірге 11 мамыр мен 22 мамыр аралығында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын шағын жинақталған мектеп басшылары мен пән мұғалімдеріне арналған «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында тәжірибелі тренерлер Рысханым Бахтиярова мен Жанбота Мусаева курс өткізуде. Осы аралықта қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9-сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында Рауан Мулдагалиева, аға оқытушы Жеміс Еркегалиева қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-11-сыныптарының оқытушылары мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне  «Ағылшын тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту», орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 5-9-сынып мұғалімдеріне аға оқытушы Сәнім Әбитова «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өткізуде.

You Tube каналында «Өрлеулік» әріптестерінен онлайн режиминде дәріс алып жатқан пән мұғалімдері құнды ақпараттар алып, кері байланыс арқылы  ризашылықтарын білдіруде.

 

Comments 

 
0 #3 Зауреш 2020-05-15 20:34 Күміс Ильясовна, керемет, өте тартымды вебинар өтті.Қашықтықтан оқыту кезінде ,жақсы әдіс-тәсілдермен бөлістіңіз.Сізге шығармашылық табыс тілеймін.Сіз керемет тренерсіз. Quote
 
 
0 #2 Қымбат Қайнарбекқызы 2020-05-13 19:50 Сәлеметсіздерме ! Биологиядан біліктілікті арттыру курсы керек еді. Қалай білуге болады? Quote
 
 
0 #1 Қымбат Қайнарбекқызы 2020-05-13 19:50 Сәлеметсіздерме ! Биологиядан біліктілікті арттыру курсы керек еді. Қалай білуге болады? Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.