Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
Friday, 15 May 2020 21:03

Куәлік

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 15 мамыр күні «Цифрлық білім беру ресурстары. ЦБР құру алгоритмі» тақырыбында вебинар өтті.  Оралдағы «Өрлеу» институтының ББПППС кафедрасының аға оқытушылары Алипкалиева Гульфия Бекетовна мен Арыстанова Шынаргуль Умбеткалиевнаның  ұйымдастырумен өткен вебинарға қала мен облыстың 70-тен аса бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Вебинар мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын құру және қолдану бойынша ұсыныстар беру.

Онлайн режиминде өткен вебинарда аға оқытушы Шынаргуль  Арыстанова «Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсыныстар. ЦБР құрудың алгоритмі» тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық білім беру ресурстарын құрудың тиімді жолдары, оңтайлы әдіс-тәсілдерін көрсетіп, құнды ақпараттармен бөлісті. Өз кезегінде аға оқытушы Гульфия Алипкалиева «ЦБР дегеніміз не? ЦБР-ді қалай құру керек?» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Тәжірибелі мамандар шарада цифрлық білім берудің маңызы, қашықтықтан оқыту жағдайында ЦБР мазмұны мен құрылымының маңыздылығы, ЦБР-ге қойылатын талаптар мен қағидалар туралы толық мәлімет берді.

Өзекті тақырыпты арқау еткен вебинарда БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылының  М.Әуезов ат. №2 ОЖББМ бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Отаргалиевна Ертлеуова «Қашықтықтан оқыту жағдайында саралау тапсырмаларын орындау тиімділігі» жайында сөз қозғап, тақырып мазмұнын ашты.

Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 

Comments 

 
0 #57 Менжан Мурзабулатов 2020-05-21 16:19 Өте қажетті, пайдалы семинар!Ұйымдас тырушыларға үлкен рахмет! Quote
 
 
0 #56 Нурмухамбетова Турсы 2020-05-21 14:59 Вебинар ұйымдастырушы тренерлерге алғысым шексіз. Өзіме көптеген қажетті ақпараттарды алдым Quote
 
 
0 #55 Нурмухамбетова Турсы 2020-05-21 10:27 Вебинар өте жоғары деңгейде өтті. Өзіме көптеген құнды ақпараттар алдым. Quote
 
 
0 #54 Имангалиева Ж.У 2020-05-19 17:43 Вебинар жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыла рға үлкен алғыс білдіремін. Қазіргі заман талабына сай қашықтан оқытудың түрлі жолдарын көрсетіп,болаша қта кері байланыс жасауда Coogle мүмкіндіктерін көрсеткен Шынар Оңдасынқызына рахмет айтамын. Осындай вебинарлар жалғасын таба берсін. Істеріңізге сәттілік. Quote
 
 
0 #53 Галимова Нургул 2020-05-18 08:44 Қашықтықтан оқыту кезінде оздырылған вебинар өте сәтті шықты. Вебинар тақырыбының өзі өзекті. Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқытудың өзіндік қиындықтарының бірі де, бірегейі осы цифлық білім беру ресурстары еді. Вебинардан жалпы цифрлық білім берудің маңыздылығы мен тиімді әдіс-тәсілдері туралы біраз ақпараттар алдық. Тренерлердің өз іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін үлкен алғыс айтамыз. Quote
 
 
0 #52 Галимова Нургул 2020-05-18 08:44 Қашықтықтан оқыту кезінде оздырылған вебинар өте сәтті шықты. Вебинар тақырыбының өзі өзекті. Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқытудың өзіндік қиындықтарының бірі де, бірегейі осы цифлық білім беру ресурстары еді. Вебинардан жалпы цифрлық білім берудің маңыздылығы мен тиімді әдіс-тәсілдері туралы біраз ақпараттар алдық. Тренерлердің өз іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін үлкен алғыс айтамыз. Quote
 
 
0 #51 Галимова Нургул 2020-05-18 08:21 Қашықтықтан оқыту кезіндегі оздырылған вебинар өте сәтті шықты. Вебинар тақырыбының өзі өзекті. Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқытудың өзіндік қиындықтарының басты да, бірегейі осы цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану еді. Вебинарда цифрлық білім беру ресурстарының маңыздылығы туралы жалпы біраз ақпараттар алдық. Тренерлердің өз іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін үлкен алғыс айтамыз. Quote
 
 
0 #50 Гайсина Гулсара 2020-05-18 07:11 Онлайн арқылы өткізілген вебинарга қатысып, өз сабагымызға кажетті әдіс-тәсілдермен таныстық. Біздің тренерлерімізге көп- көп рахмет! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер Quote
 
 
0 #49 Т.К.Байденова. 2020-05-18 06:07 Онлайн түрінде ұйымдастырылған вебинар семинар өте жоғары деңгейде өтті. Вебинар ұйымдастырушы тренир Г.Б.Алипкалиеваға үлкен рахмет. Вебинардан алар нәрсеміз көп екен,біршама өзіме керек мағлұматтар алдым. Өз қоржынымды қажетті мағлұматтармен толтырдым.Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігіп шыңдауларына үлес қосқаны үшін тренир Г.Б.Алипкалиевнаға үлкен рахмет. Еңбекте шығармашылық табыс тілеймін. Осындай онлайн вебинар семинарды жиі өткізсеңіз нұр үстіне нұр болар дер едім. Сізді мақтан тұта отырып, зор денсаулық,аманд ық тілеймін. Quote
 
 
0 #48 Рсты 2020-05-18 05:26 15.05 күні'Цифрлық білім беру ресурсы' тақырыбында өтілген семинарға қатыстым.ЦБР жиналысының мазмұны бойынша жақсы түсінік алдым. Семинар өткізген ұйымдастырушыла рға және баяндама оқыған әріптестеріме алғыс айтамын.2016жылғы жаңартылған білім беру көшін бастап оқытуға курс жүргізген тренерімізді, сондай-ақ бірге оқыған әріптестерімді көріп қуанып қалдым. Жұмыстарыңа жеміс, амандық тілеймін. Quote
 
 
0 #47 Рсты 2020-05-18 05:26 15.05 күні'Цифрлық білім беру ресурсы' тақырыбында өтілген семинарға қатыстым.ЦБР жиналысының мазмұны бойынша жақсы түсінік алдым. Семинар өткізген ұйымдастырушыла рға және баяндама оқыған әріптестеріме алғыс айтамын.2016жылғы жаңартылған білім беру көшін бастап оқытуға курс жүргізген тренерімізді, сондай-ақ бірге оқыған әріптестерімді көріп қуанып қалдым. Жұмыстарыңа жеміс, амандық тілеймін. Quote
 
 
0 #46 Исламбекова Гаухар Т 2020-05-18 01:39 Онлайн семинар сабақ өте жақсы деңгейде өтті.Болашақта осындай семинарларжалға сын тапсыр. Quote
 
 
0 #45 Гулжамал Ибрашева 2020-05-17 22:04 Ұйымдастырушыла рға алғысым шексіз. Конференция өте жақсы өтті. Тренерлерге шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #44 Гулжамал Ибрашева 2020-05-17 22:03 Ұйымдастырушыла рға алғысым шексіз. Конференция өте жақсы өтті. Тренерлерге шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #43 Исатаева Рысты 2020-05-17 20:40 Вебинар сабақтарыңыз өте керемет өтті Quote
 
 
0 #42 Исатаева Рысты 2020-05-17 20:39 Вебинар сабақтарыңыз өте керемет өтті Quote
 
 
0 #41 Кадргалиева Эльмира 2020-05-17 19:55 .Вебинар керемет өтті, ұйымдастырушыла рға рахмет, керекті мәліметтер алдым Quote
 
 
0 #40 Камбарова Гулжанар 2020-05-17 19:54 Осындай жоғары дәрежеде ұйымдастырылған вебинар үшін тренерлер Ш.У.Арыстанова мен Г.Б.Алипкалиеваға алғысымыз шексіз. Осындай семинарлар жиі ұйымдастырылса. Quote
 
 
0 #39 Карина Мейз 2020-05-17 19:42 Вебинар өткізген тренерлерге көп рахмет. Көптеген мағлұматтар алып шығармашылық қоржынымды толықтырдым. Quote
 
 
0 #38 Карина Мейз 2020-05-17 19:41 Вебинар өткізген тренерлерге көп рахмет. Көптеген мағлұматтар алып шығармашылық қоржынымды толықтырдым. Quote
 
 
0 #37 Ихсангалиева Мария 2020-05-17 19:01 Вебинар уйымдастырушы тренерлер Г Б Алипкалиевага Ш У Арыстановага алғысым шексиз Озиме керекті көп нәрселер алдым Вебинар өте жаксы отти Сиздерге творчествалык табыс денсаулык тилеймин Сиздерди улги тутамын Quote
 
 
0 #36 Иманғалиев Мария 2020-05-17 19:00 Вебинар уйымдастырушы тренерлер Г Б Алипкалиевага Ш У Арыстановага алғысым шексиз Озиме керекті көп нәрселер алдым Вебинар өте жаксы отти Сиздерге творчествалык табыс денсаулык тилеймин Сиздерди улги тутамын Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.