Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
Wednesday, 27 May 2020 17:14

27 мамыр күні Орал-«Өрлеу» институтында «Цифрлық білім беру ресурстары. ЦБР құру алгоритмі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын құру және қолдану бойынша ұсыныстар беру мақсатындағы вебинарға филиал қызметкерлері және биология, география пәні мұғалімдері қатысты. Онлайн шараны ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі Айгүл Хайруллина мен осы кафедраның аға оқытушысы Алина Абишева ұйымдастырды.

Шара барысында аға оқытушы Алина Муратовна «ЦБР дегеніміз не? ЦБР-ға қойылатын талаптар. Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсыныстар» тақырыбындағы баяндамасында ЦБР-ге қойылатын жалпы педагогикалық талаптар, стандарттар, қолданылуы бойынша ұсыныстар мен негізгі әдістерге  тоқталды. Сонымен қатар «Өрлеуде» жасақталған цифрлық білім беру ресурстарына сілтеме берді. Әрі қарай сөз алған кафедра меңгерушісі Айгүл Болатовна «ЦБР құрудың алгоритмі. ЦБР-ді қалай құру керек?» тақырыбында ой бөлісіп, цифрлық білім беру ресурстарын құрудың мақсаты, алгоритмі, тиімді әдістері, техникалық талаптарға тоқталды.

Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясының  география пәні мұғалімі,  педагог-сарапшы Жасұлан Рамазанов «Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. Ауадағы су буы» тақырыбындағы іс-тәжірибесінде ЦБР құру қадамдары, пайдаланған бағдарламалары туралы айта келіп, жасаған сандық ресурстарын мысал ретінде көрсетті.

Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар берді.

 

Comments 

 
0 #6 Гаухар Дуйсекова 2020-06-11 07:36 Ұйымдастырушыла р мен қатысушыларға шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
0 #5 Абишева Алина 2020-05-29 20:43 ЦБР құру туралы ақпарат берілген вебинарға қатысқан әріптестерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Quote
 
 
0 #4 Абишева Алина 2020-05-29 20:42 ЦБР құру туралы ақпарат берілген вебинарға қатысқан әріптестерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Quote
 
 
0 #3 Маншук Кенесовна 2020-05-29 08:12 Жаңашыл технология, ізденіс арқасында білім мен тәжірибенің молаюына мүмкіндік беретін қазіргі мұғалімдерге ЦБР құру, сценарийін жасау ғажап тақырыптар қарастырылған вебинарыңыз үшін рахмет. Қатысушылардың белсенділігі өте ұнады, өткізген вебинарыңыздан жақсы әсер алдым. Quote
 
 
+1 #2 Маншук Кенесовна 2020-05-29 08:12 Жаңашыл технология, ізденіс арқасында білім мен тәжірибенің молаюына мүмкіндік беретін қазіргі мұғалімдерге ЦБР құру, сценарийін жасау ғажап тақырыптар қарастырылған вебинарыңыз үшін рахмет. Қатысушылардың белсенділігі өте ұнады, өткізген вебинарыңыздан жақсы әсер алдым. Quote
 
 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2020-05-29 07:42 ЦБР құру туралы мол ақпарат қарастырылған вебинарға қатысқан әріптестерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.