Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
"Қашықтықтан оқытуды жобалау технологиясы" республикалық онлайн семинар өткізілді
Friday, 29 May 2020 16:43

"Қашықтықтан оқытуды жобалау технологиясы" тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізілді.

Презентация - Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау

Презентация - Психолого-педагогические особенности организации дистанционного обучения

Сауалнама талдауы

Анализ анкетирования

Об утверждении Правил разработки, согласования и утверждения образовательных программ курсов повышения квалификации педагогов

Бағдарлама - Программа

Бардарлама - Презентация

Видео

29 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ және БҚО, Ақтөбе филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқытуды жобалау технологиясы» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар модераторлары: Сауле Мұхамбетжанова, «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., доцент, Елдос Сафуллин, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «БҚО ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, магистр.

Семинар барысында Елдос Набиоллаұлы «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау» тақырыбында ой қозғап, жүргізілген сауалнама қорытындыларымен таныстырып, платформаларды қолданудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Асқар Аймұқатов «Қашықтағы сабақты жобалаудың ерекшеліктері: сабақ жоспарының құрылымы, оқытудың формалары мен әдістері» тақырыбындағы баяндамасында қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптар мен санитарлық нормаларға тоқталып өтті.

«Өрлеу БАҰО» АҚФ ҚР ББЖКБАРИ директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, п.ғ.к.  Асель Танатова «Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында қашықтықтан оқытудағы оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

«Өрлеу БАҰО» АҚФ ҚР ББЖКБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., доцент, Сәуле Мұхамбетжанова, «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық қамсыздандыру», «Moodle ортасында цифрлық білім беру ресурстарын құру жолдары» тақырыптарында баяндама жасады.

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері бойынша ашық микрофон алаңында әр филиалдан әріптестер ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Comments 

 
0 #1 Жвртынова Жанар 2020-05-29 22:02 Семинардың спикерлері бүгінгі күннің талабына сәйукс өзекті мәселені қозғадыңыздар. Шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.