Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
Monday, 01 June 2020 20:45

1 маусым  күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ»-дың ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы – ұлы Абай» тақырыбында  вебинар өтті.

Вебинар  мақсаты: Абай мұрасын терең танытуға үлес қосу, мектепте Абай шығармаларын оқыту  мен зерттеу мәселелеріне назар аудару. Вебинарда ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Р.Мулдағалиева «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласына шолу», ББПППС кафедрасының аға оқытушысы Р.Қуанаева «Абайтану мәселелерінің даму бағыттары», Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы мектептің мұғалімі Б. Мырзагалиева "Абайдың толық адам ілімін мектепте тәрбие құралы ретінде қолдану', №46 мектеп мұғалімдері А.Қарасаева «Абай дүниетанымын ашатын тәсілдер», Е.Қисахмет Оқушы дүниетанымын Абай шығармалары арқылы қалыптастыру», С.Сейфуллин ат.№11 ДБАММИК мұғалімі А.Мыңбаев «Абайтану»бағдарламасымен оқыту іс тәжірибесі» тақырыптарында ойларын ортаға салды. Вебинарға қатысушылар өз тәжірибелеріне қажетті деректермен алмасып, тиімді диалог орнатты. Қатысушылар қозғалған тақырыптардың маңыздылығын атап өтті және төмендегідей ұсыныс берді.

-           Абай шығармаларына  сандық білім ресурстарын жасау;

-           Қала мектептері мен ауыл мектептері «Абайтану» курсын оқыту тәжірибелерімен бөлісіп отыруы.

Қатысушылар вебинарды тағы да ұйымдастыруды ұсынды.

 

Comments 

 
0 #2 Хайруллина Айгуль 2020-06-16 13:48 Абайдың мерейлі жылына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған вебинар нәтижелі болды Quote
 
 
0 #1 Сетерхан Айгүл Хуанғ 2020-06-12 20:29 Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.